| Күні кеше Түркістан сарайында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Тұғырлы бол, Тәуелсіздік!» мерекелік іс-шарасында мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматтар марапатталған болатын. Солардың қатарында ОҚО мәслихатының бір топ депутаттары бар. Атап айтқанда,
1. ОҚО мәслихатының депутаты, техника ғылымының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Лесбек Тәшімов «Парасат» орденімен;
2. ОҚО мәслихатының депутаты, «Корпорация «Береке А» ЖШС бас директорының кеңесшісі Рәшкүл Оспанәлиева «Парасат» орденімен;
3. ОҚО мәслихатының депутаты, «ЕвроРемонтСервис» ЖШС директоры Жаңабай Ағабеков «Құрмет» орденімен;
4. ОҚО мәслихатының депутаты, еңбек ардагері Серікбай Ибадуллаев «Құрмет» орденімен;
5. ОҚО мәслихатының депутаты, «Мақтарал-сервис» МКК директоры Шералы Қаныбеков «Құрмет» орденімен;
6. ОҚО мәслихатының депутаты, «Хамит» ауыл шаруашылығы ӨК басқарма төрағасы Бақытжан Серманиязов «Құрмет» орденімен;
7. ОҚО мәслихатының депутаты, «Атамекен» корпорациясы» ЖШС директоры Мұрат Төлтебаев «Құрмет» орденімен;
8. ОҚО мәслихатының депутаты, «Жанұя» ЖШС директоры Жұмағали Білісбеков «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
|