Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Тәуелсіздікке тарту: Созақта жаңа 6 нысан ел игіліне берілді
    Жаңалықтар

    Тәуелсіздікке тарту: Созақта жаңа 6 нысан ел игіліне берілді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік қазақстан облысы, Созақ ауданында ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығы мерекесіне орай, жаңа 6  нысан ашылды. Жаңа нысандар – жақсы нышандар екенін алға қойған жергілікті билік теріскейлік тұрғындарға егемендік күніне тарту есебінде  нысандарды ел игіліне пайдалануға берді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Мереке аясында аудан орталығы Шолаққорған ауылында тәуелсіздік саябағы салтанатты түрде ашылды. Екі гектардан астам жерді алып жатқан саябақта Тәуелсіздікті айшықтайтын монумент пен 30 метрлік тұғырда көк байрақ ортанытылған. Мұнда отбасылық серуен жолы, су бұрқақтар мен жол айрықтар салынған. Саябақтың құрылыс жұмыстарын жүргізген «Аммар Проект» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын жаз айында бастап, қарашада толық аяқтады.

    Демалыс орнының ашылуына  қатысқан аудан әкімі Салыхан Полатов барша тұрғындарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, ауданға көрік беретін саябақ созақтықтар мен қонақтар үшін саялы мекен болатынын атап өтті.

    Сондай-ақ, мерекеге орай ауданда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында екі бірдей балабақша пайдалануға берілді. Шолаққорған ауылындағы жалпы алаңы 254 шаршы метрді құрайтын «Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшасы 75 балаға шақталған. Ал, Созақ ауылдық округіндегі қос қабатты «Айдын» балабақшасы 100 орындық. Мұнда балалар үшін барлық жағдай жасалған. Мекемеде медициналық кабинет, төрт ойын, төрт жатын бөлмесі мен акт залы бар. Балалар тамақтанатын асхана блогы мен шаруашылық бөлмесі жеке орналасқан.

    Бүгінде ауданда жалпы 43 мектепке дейінгі білім беретін ұйым жұмыс істейді. Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасының орындалуы 85 пайызды құрап отыр.

    Осы күні, бұқаралық спортты дамыту мақсатында аудандағы Шолаққорған, Тасты, Құмкент ауылдарында спорт алаңшалары ел игілігіне берілді. Жаңадан ашылған спорт нысандар  уран өндіретін «Инкай» ЖШС-нің демеушілігімен салынды.

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.