Бүгін Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталыығнда 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді. №130 жалпы орта мектебінің салтанатты ашылуына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында есігі айқара ашылып отырған мектеп жаңа бастамаларға бай екенін атап өтті.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ашылып отырған білім ордасында оқушыларға арналған 61 оқу бөлмесі мен жаңа үлгідегі биология, физика, информатика, мультимедиялы-лингофонды кабинеттер, кітапхана, асхана, заманауи спорт алаңы, қыздарға және ұлдарға арналған шеберхана қарастырылған.