2017 жылы 13 желтоқсанда облыстық Қоғамдық Кеңестің кезекті отырысында облыс әкімдігінің Ордабасы ауданы Төрткөл елді мекенінің атын өзгерту туралы Қаулысы қаралып, қолдау тапты. Қоғамдық кеңес мүшелері Ордабасы ауданы Төрткөл ауылдық округінің Төрткөл елді мекені — Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Төрткөл ауылдық округіне қарасты Төрткүл елді мекені болып қайта аталуға келісімдерін берді.
Яғни Бұрын аталған елді мекен Төрткөл деп аталса, енді Төрткүл болып аталады.