Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Санитарлық ережелерді жеңілдету бизнесті дамытуды жандандыруға жол ашты
    Денсаулық

    Санитарлық ережелерді жеңілдету бизнесті дамытуды жандандыруға жол ашты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз конференциясы аясында ҚР  ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары Берік Шәріп санитарлық ережелерді жеңілдету отандық кәсіпкерліктің дамуына қалай әсер еткені туралы айтып берді.

    Берік Шәріптің айтуынша, ендігі супермаркеттердегі тексерулер ерекше тәртіп бойынша жүргізілмейді.

    «Шағым түскен жағдайда немесе бақылау үшін сатып алулар кезінде супермаркетте нормаға сай емес өнімдер анықталса ғана тексеріс жүргізілетін болады», — деді Б. Шәріп.

    Медициналық зертханалардың қызметіне қойылатын талаптар да айтарлықтай жеңілдетілді. Бұған дейін талаптардың жоғары болуына орай, олар кейбір зерттеу түрлерін жүргізуге тиісті рұқсатты ала алмады. Осы мәселе бойынша Денсаулық сақтау министрлігі қайта реттеу жұмыстарын жүргізді.

    «Біздің зертханаларымыз бүгінгі күні жұмыс істеп жатқан жағдайларда бұл зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар пайда болғанын ескеріп, жекелеген зерттеу түрлерін жүргізуде олардың қызметін заңдастыруға шешім қабылдадық», — деп түсіндірді Берік Шәріп.

    Мәселен, бұған дейін қазақстандық зертханалардың эпидемиялық паротит секілді вирустық гепатит түріне қатысты зерттеулер жүргізуге құқығы болмады. Дегенмен, баяндамашы атап өткендей, шектеулерді алып тастағаннан кейін, елімізде эпидемиялық паротит гепатитінің 300 мыңға жуық зерттеуі жүргізілуде. Шамамен құны — 1,5 млрд теңге.

    «Бұл үлкен нарық. Осыған дейін бұл жеке зертханаларға өздеріне қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру қиынға соққандықтан қолжетімсіз болды. Бүгінде олар мемлекеттік тапсырыстарға да талаптана алады », — деді комитет төрағасының орынбасары.

    Сонымен қатар бүгінде министрлік «дөңгелекті» бизнесті заңдастыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

    «Бұған дейін бұл бизнес түрі санитарлық ережелерде қарастырылмаған. Енді кәсіпкерлермен бірқатар талқылаулардан кейін, егер тиісті талаптар сақталса, «дөңгелекті» бизнесті жүргізуге болатынын анықтадық, — деп қорытындылады Берік Шәріп.

    204

    205

    206

    Дереккөз: primeminister.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.