Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО мәслихаты хатшысына қосымша өкілеттілік берілді
    Жаңалықтар

    ОҚО мәслихаты хатшысына қосымша өкілеттілік берілді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.12.2017Updated:13.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан мәслихатының 2017 жылы 11 желтоқсанда өткен кезекті сессиясында облыстық мәслихатының хатшысы Қ.Байлабиевке қосымша өкілеттілік берілді. Енді оған облыстық мәслихаттың хатшысы бюджеттің жобасын қарау жөніндегі депутаттық уақытша жұмыс тобын құрауға құқық берілді. Осыған байланысты мәслихат регламентіне тиісті өзгерістер енгізіліп, мәслихат төмендегі шешімді қабылдады.

    Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабының 3-тармағының 5) тармақшасына, 9 бабына, «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №704 Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    Оңтүстік Қазақстан облыстық  мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы №3/37-VI «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

    Көрсетілген шешіммен бекітілген, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламентінің 28-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    Облыстық бюджеттің жобасы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады. Облыстық мәслихаттың хатшысы бюджеттің жобасын қарау жөніндегі депутаттық уақытша жұмыс тобын құрады. Оның құрамына мәслихат аппаратының қызметкерлері, облыстық жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қосылуы мүмкін.

    Тұрақты комиссиялар уақытша жұмыс тобын құрады, оның құрамына мәслихат аппаратының қызметкерлері, облыстық жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қосылуы мүмкін.

    Тұрақты комиссиялар уақытша жұмыс тобының пікірін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есептермен облыстық бюджеттің жобасы бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларды ұсыныстарды жинау мен облыстық бюджеттің жобасы бойынша қорытынды әзірлеуді жүзеге асыратын бейінді тұрақты комиссияға жібереді.

    Бюджеттік жоспарлау жөніндегі облыстық жергілікті уәкілетті орган сессия басталуынан кемінде  екі апта бұрын сессия төрағасына, мәслихаттың хатшысына барлық қажетті материалдармен бірге бюджет туралы шешім жобасының түпкілікті нұсқасын ұсынады.

    Облыстық бюджет Қазақстан Республикасының Президенті Республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей облыстық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

    «Айғақ-ақпарат».

    Фото: Егемен Қазақстан

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.