Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Биыл қаңтар-қарашада экономика өсімі 3,9 пайызды құрады — Сүлейменов
    Жаңалықтар

    Биыл қаңтар-қарашада экономика өсімі 3,9 пайызды құрады — Сүлейменов

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.12.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    2017 жылдың қаңтар-қарашасында Қазақстанның Ішкі жалпы өнімінің өсімі 3,9 пайызды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Ағымдағы жылғы қаңтар-қарашада инвестициялық белсенділіктің жылдамдауы және инфляциялық процестердің тұрақтануы, сондай-ақ барлық 6 базалық сала бойынша жағдайдың жақсаруының аясында экономиканың өсуі 3,9 пайызды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 2016 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге көтеріліп, 5,7 пайызға өсті. Жыл басынан бері жылдық инфляцияның деңгейі бекітілген аралықта, яғни 6-8 пайыз дәлізінде болды және қарашаның қорытындысы бойынша 7,3 пайызды құрады.

    Экономиканы әртараптандыру, Ауылөнеркәсіптік кешенді, кәсіпкерлікті және инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша бағдарламаларды іске асырудың нәтижесінде экономиканың барлық салаларында оң серпін байқалып отыр», — деп атап өтті министр.

    Оның сөзіне қарағанда, нақты секторда 6 базалық саланың ішінде ең жоғары өсу өнеркәсіпте 7,3 пайыз деңгейінде, көлікте — 4,8 пайыз және байланыста 3,2 пайыз көрсеткішінде байқалған.

    «Ауыл шаруашылығында өсу биылғы қаңтар-қыркүйектегі 1,9 пайыздан 11 айдың қорытындылары бойынша 2,3 пайызды көрсетті. Құрылыс саласының 2016 жылғы жоғары өсуінің аясында ағымдағы жылдың басынан бері әркелкі өсу байқалып отыр, ол биылғы қаңтар-қарашада 0,3 пайызды құрады. Экономиканың нақты секторындағы іскерлік белсенділік сабақтас салалар үшін сұраныс құра отырып қызмет көрсету саласының өсуін ынталандырды», — деп түсіндірді Тимур Сүлейменов.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.