«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды. Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды» делінген хабарламада.
Дереккөз: inform.kz