Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Алик Шпекбаев жаңа қызметке тағайындалды
    Жаңалықтар

    Алик Шпекбаев жаңа қызметке тағайындалды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мемлекет басшысы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаевты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындады.

    Мемлекет басшысының Өкімімен Алик Шпекбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

    Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев 1957 жылы 4 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Абай ауылында дүниеге келген.

    1980 жылы КСРО ІІМ Шымкент арнайы орта мектебін бітірді. 1987 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 1993 жылы РФ ІІМ Академиясын бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.

    1974-1975 жылдары — Талғар қаласы Талғар ауыл шаруашылығы техникумының студенті;

    1975-1977 жылдары — Кеңес Әскерінің қатарында қызмет етті; 1978 жылы — Алматы облысы бойынша Каменка ауылында ҚЖМК слесарі;

    1980-1984 жылдары — Алматы облыстық ІІБ ЕТК-71 жедел бөлімінің отряд бастығы, инспекторы, СИ-1 жедел бөлімінің инспекторы;

    1984-1988 жылдары — Қаскелең аудандық ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел өкілі, аға жедел өкілі;

    1988-1989 жылдары — Қаскелең аудандық ІІБ Каменка ауылдық милиция бөлімінің бастығы;

    1989-1991жылдары — Алматы облысының Балқаш АІІБ бастығы;

    1991-1993 жылдары — Мәскеу қаласы КСРО және РФ ІІМ академиясынның тындаушысы;

    1994-1995 жылдары — Алматы облысының Қаскелең аудандық ІІБ бастығы;

    1995-1997 жылдары — Алматы облысы бойынша МТКБ бастығының орынбасары, Алматы облысы бойынша МТКД аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бастығы;

    1997-2000 жылдары — жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу жөніндегі басқармасының бастығы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары;

    2000-2003 жылдары — Алматы облысы бойынша ІІБ бастығы.

    2003-2008 жылдары — Қазақстан Республикасның ішкі істер вице-министрі.

    2008-2014 жылдары — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі;

    2014-2015 жылдары — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары;

    2016 жылдың 12 қаңтарынан бастап 28 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары.

    2016 жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

    II дәрежелі «Айбын», II дәрежелі «Даңқ» және «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» меркелік медальдарімен, сондай-ақ ведомстволық медальдарымен наградталған.

    Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері.

    Алматы облысының Құрметті азаматы.

    Отбасылы, екі ұлы және қызы бар.

    Дереккөз: inform.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.