Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының өтуіне атсалысқандар марапатталды
    Жаңалықтар

    «Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының өтуіне атсалысқандар марапатталды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа12.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін «Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша облыс әкімі Ж.Түймебаевтың төралығымен жиын өтті.

    Онда аймақ басшысы «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында өткізілген халықаралық іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға белсене қатысқандары үшін шынайы алғысын білдіріп, бірқатар азаматтарды марапаттады.

    «Өткен жылдың желтоқсан айында ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің отырысында Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы етіп Ер түріктің бесігі болған Түркістанның жариялануы еліміз үшін, оның ішінде Оңтүстік өңірі үшін зор мақтаныш болды. Біз биыл Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесінен бастау алған бүкіл түркі жұртына ортақ «Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында жыл бойы халықаралық деңгейдегі 40-тан астам түрлі іс-шараларды атап өттік. Осынау маңызды шараны барынша жоғары деңгейде өткізуге бар күш-жігеріміз бен ынта-ықыласымызды салдық. Халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруға белсене қатысқандарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін»,-деді әкім.

    Сонымен жиында Қазақстан-Түркия арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытқаны үшін медалі облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиевке,  облыстық мәслихаттың депутаттары Өмірзақ Мелдеханов пен Серікжан Сейтжановқа, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұловқа, «ОҚО Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Жамалбек Шәріпбекке, Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаевқа және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Уалихан Әбдібековке табысталды.

    Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековке ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қайсейіновтің Алғыс хатымен арнайы сыйлығы тапсырылса, облыс әкімінің Алхыс хатымен облыстық мәслихатының депутаттары, аудан, қала әкімдері және басқарма басшылары марапатталды.

    Мәжіліс соңында аймақ басшысы алдағы Еліміздің Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жылдан жылға басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздік, Бейбітшілік пен Ұлттық бірлігіміз нығая берсін деп өз сөзін қорытындылады.

     

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.