Қаржылық бақылау саласының 25 және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан Шымкент қаласында 2017 жылдың 14 желтоқсанында салтанатты іс-шаралары өткізіледі.
Аталған іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сәрсембаев Төлеген Қапсалықұлы, ОҚО Мәслихат хатшысы Балабиев Қайрат Рахымұлы, «Нұр Отан» партиясының ОҚО бойынша филиалы төрағасының орынбасары Жолдасов Нұрмахан Миятұлы, Департаменттің 1992-1998 жылдардағы бірінші басшысы Бүрлібаев Тасқынбай Еркебайұлы, ОҚО мәслихатының депутаты Досболов Әбілқасым Үсіпбайұлы, Қаржылық бақлау саласының ардагері Тұрдалиев Әуесбек қатысып, мерекемен құттықтап, жоғары көрсеткішке қол жеткізген департаменттің қызметкерлерін марапаттайды.
Сонымен қатар, ОҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Көшербай Батыр Көшербайұлы департамент жұмысы туралы арнайы баяндама жасайды.
Анықтама: Департамент басшысы Б. Көшербай білікті, беделді маман ретінде облысқа белгілі Ішкі істер, Салық, Қаржы полиция, Мемлекеттік тергеу органдарында басшылық қызметтерін атқарған, Төлеби және Бәйдібек аудандарының әкімі лауазымында қызмет жасаған. Сондай-ақ, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларының басшысы болған.