Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да келер жылы 320 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіледі
    Жаңалықтар

    ОҚО-да келер жылы 320 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіледі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа12.12.2017Комментариев нет4 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгінгі өткен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясында 2018 жылғы облыстық бюджеттің жалпы көлемі 447,7 млрд. теңге болып бекітілді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 32,3 млрд. теңгеге өскен.

    Бұл жөнінде облыстық депутаттар алдында 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы баяндаған экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлімдеді.

    Оның айтуынша, облыс бюджет қаржысы кіріс көздерін ұлғайту үшін басымды сала ретінде өнеркәсіп, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығын дамытуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталып отыр. Мәселен, білім беру саласына жалпы 42,9 млрд. теңге қарастырылса, денсаулық сақтау саласына 19,5 млрд. теңге, халықты әлеуметтік қолдау саласына 6,9 млрд. теңге бағытталып отыр. Сонымен бірге, мәдениет  және спорт салаларына  17,9 млрд. теңге бөлінсе, тұрғындарды таза ауыз сумен қамту мақсатында 33 жобаны іске асыру үшін  6,0 млрд. теңге қарастырылған. Осының нәтижесінде 16 жоба іске қосылып, 13 елді мекен ауыз сумен қамтылып, жалпы қамтылған елді мекендер саны 636-ға жетеді деп күтілуде.

    Сонымен қатар, басқарма басшысы  тұрғын үй саласы бойынша 77 нысанның құрылысына    25,6 млрд. теңге бағытталып, жалпы алаңы 208,6 мың шаршы метрді құрайтын 3 434 пәтерлі 72 үй пайдалануға берілетінін атап өтті.

    «Инженерлік — коммуникациялық инфрақұрылым саласы бойынша 20 нысанның құрылысына 1,9 млрд. теңге қарастырылып, 16 нысанды іске қосылу жоспарлануда. Халықты көгілдір отынмен қамту мақсатында 67 нысанның құрылысына 14,4 млрд. теңге қарастырылып отыр. Нәтижесінде 28 елді мекендегі 64 844 адам газбен қамтамасыз етіліп, қамтылған елді мекендер саны 372-ге жететін болады. Және де электр энергиясы бағыты бойынша 12 нысанның құрылысына 2,9 млрд. теңге қарастырылып, 16 елді мекен сапалы электр энергиясымен қамтылады»,-деді А.Сәбитов.

    Сонымен қатар, сессия жұмысында депутаттар ОҚО жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция полковнигі А.Сейдуалиевтің осы жылдың 10 айында атқарған жұмыстарының есебін тыңдады.

    Жалпы ағымдағы жылдың 10 айында Жергілікті полиция қызметі бөліністерінің тарапынан облыс аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар нақты іс-шаралар жүзеге асырылғанын айтқан полиция полковнигі өңірде орын алған жалпы қылмыстар 12,9 пайызға кемігенін жеткізді. Оның ішінде аса ауыр қылмыстар 6,8 пайызға, ауыр қылмыстар 8,3 пайызға, тонау 9,7 пайызға, бопсалау 15,1 пайызға, зорлау 21,5 пайызға,  бұзақылық 33,3 пайызға, бөтеннің мүлкін ұрлау 11,6 пайызға төмендегенін атап өтті.

    Жергілікті полиция қызметі тарапынан атқарылған жұмыстарға қанағаттанарлық баға берген  халық қалаулылары қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрмыстық қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі міндеттерді жетілдіру қажеттігін айтты.

    Мәслихат отырысында қаралған 20 мәселенің барлығын байыппен тыңдаған облыс әкімі Ж.Түймебаев бүгінгі сессияда облысымыздың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайына едәуір ықпал жасайтын мәселелер талқыланғанын және өңірдің даму жолындағы туындап жатқан мәселелерге бей-жай қарамай, белсенділік танытып отырған депутаттарға ризашылығын білдірді.

    «Жоспарлы кезең бюджет жобасын қалыптастыру барысында бірінші кезекте шешуді қажет ететін өзекті мәселелерге мән берілді. Келесі жылы 320 маңызды әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілетін болады. 10,5 млрд. теңгеге 61 білім беру нысандарының құрылысы жүргізіліп, 46-сы іске қосылады, оның ішінде 9 апатты және 5 үш ауысымды мектептің мәселесі шешіледі. Келесі жылы апатты, жалдамалы және ыңғайластырылған ғимаратта отырған 37 медициналық пункттердің мәселесі шешілетін болады. Сондай-ақ, медициналық ұйымдарды компьютерлік жабдықтармен 100% қамтамасыз ету мақсатында 1,9 млрд. теңге жоспарлануда. Ал кәсіпкерлікті дамытуға 7,9 млрд. теңге көлемінде қаржы қарастырылып отыр»,-деді аймақ басшысы.

    Сонымен бірге әкім ауыл шаруашылығын қолдауға жалпы 25 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылғанын, оның ішінде 22,4 млрд. теңгесі субсидияға бағытталғанын айтты. Бөлінген қаржылар аясында келер жылы облыс экономикасының өсімін 2,5 пайызға жеткізу жоспарлануда деді, — Ж.Түймебаев.

    Сессия барысында облыстық мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевқа Елбасымен бірге алғашқы болып Астанаға қоныс аударып, ел ордасы – Астананың әкімшілік-іскерлік орталық ретінде қалыптасуына, экономикалық және сәулеттік дамуына, халықаралық аренадағы абырой-беделінің артуына сүбелі еңбек сіңіргені үшін алғыс білдірді.

    Сонымен бірге, облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына сіңірген еңбегі үшін салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен облыстық мәслихаттың депутаты Нұралы Әбішов және облыстың дамуына ерекше сіңірген еңбегі мен қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен облыстық мәслихат аппараты тұрақты комиссиялар бөлімінің бас инспекторы Баян Утемалиева марапатталды.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.