Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Соңғы 10 жылда Қазақстаннан 205 шенеунік 8 млрд доллар ұрлап кеткен
    Жаңалықтар

    Соңғы 10 жылда Қазақстаннан 205 шенеунік 8 млрд доллар ұрлап кеткен

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.12.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров бұрынғы шенеуніктердің елден 8 миллиард доллардан аса ақша алып кеткенін айтты деп хабарлайды tengrinews.kz.

    “Cоңғы 10 жылда Қазақстаннан тыс жерде жасырынып жүрген 205 жемқордың 152-сі елге қайтарылды. Алайда елден 8 миллиардтан астам АҚШ долларын ұрлап кеткен бұрынғы министрлер мен әкімдер, Әбләзов, Храпуновтар жанұясы әлі күнге дейін шетелде жасырынып жүр. Шетелдік әріптестерімізбен серіктестігіміздің нәтижесінде әрбір қашқын жемқор әділ жазасын алады. Жауапкершіліктен қашудың қандай үлгісін қолданса да, ешкім жазадан қашып құтыла алмайды. Күшті біріктіре отыра, біз қылмыскерлерді экстрадициялауды және активтерді қайтаруды қамтамасыз етуіміз керек”, – деді Қайрат Қожамжаров.

    Қожамжаровтың айтуынша, ұрланған ақшаны қайтару кез келген ел үшін өзекті мәселе.

    “Қашып жүрген қылмыскерлер мен ұрланған активтерді басқа құзыреттен қайтарып алу – әрбір мемлекет үшін өзекті мәселе. Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастықпен шетелдік банктердегі шот ұстаушылар туралы деректерді ашуға, оффшордан шығару бойынша белсенді шаралар қабылданып жатыр. Қазақстан мұндай шараларды қолдайды және өзара әрекеттесуге дайын”, – деді Қожамжаров.

    2017 жылы Қазақстанда жемқорлықпен ұсталғандардың саны өткен жылмен салыстырғанда 33 пайызға көп.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.