Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Енді бүркітшілер де «спорт шебері» атана алады
    Жаңалықтар

    Енді бүркітшілер де «спорт шебері» атана алады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бұл туралы 9 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай өткен «Қансонар» халықаралық бүркітшілер фестивалінде Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Ерлен Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

    Оның айтуынша, қазір Қазақстан көлемінде 70-тен астам бүркітші бар. Олар жыл сайын әртүрлі деңгейдегі сайыстарға қатысып, өз біліктіліктерін сынап келеді. Бұл ұлттық дәстүріміздің дамуына айрықша үлес қосып отыр.

    «Бүркітшілік өздеріңіз білесіздер, ЮНЕСКО-ның материалдық емес құндылығы ретінде тіркелген. Бұл тек қазаққа ғана тән дәстүр екенін әлем мойындап отыр. Ең алғашқы бүркіт те осы қазіргі Қазақстан территориясында қолға үйретілгенін де қазір барлығы біледі», — дейді Ерлен Оспанов.

    Сонымен қатар, ол бұл дәстүрдің енді ұлттық спортқа айналатынын айтып өтті.

    «Бүркітшілік спорт ретінде тіркелді. Енді басқа спорт түрлері секілді бүркітшілерге де дәрежелер беріле бастайды. Мысалы, елімізде құсбегілікті дамытқан, осы дәстүрмен түбегейлі айналысқан бүркітшілерге «спорт шебері» деген атақ беріледі», — дейді вице-президент.

    Ерлен Оспанов, сонымен қатар, ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан дәстүрді спорт ретінде дамытудың негізгі мақсатын атап өтті.

    «Оралбай Әбдікәрімов ағамыз басқаратын «Қансонар» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, бүгінге дейін еліміз бойынша қолда ұстап отырған бүркіттерді құжаттандырдық. Әрбір бүркіттің иесіне бүркіттің аты-жөні жазылған паспорт бердік. Бұдан былай еркін құсты ұстау деген болмайды. Осы қолда бар бүркіттерді пайдалана отырып, олардан балапан шығару қолға алынады. Ал негізгі мақсатымыз – осы дәстүрімізді қаз-қалпында сақтап қалу. Сол мақсатта облыстардағы ұлттық спорт мектептерінің жанынан бүркітшілерді дайындайтын, құсбегілікке баулитын бөлімдер ашылып жатыр.

    Бүркітшілікті дамытуда үш түрлі мәселені шешуге болады. Бірі – дәстүрлі аңшылық, екіншісі – құсбегілік, яғни бүркітке кәдімгі құс ретінде қарап, оның денсаулығын, көбеюін, қорғалуын қадағалау, үшіншісі және ең бастысы – мәдени құндылығымыз ретінде дамыту. Бүгінгі таңда бүркітшіліктің біздің дәстүріміз екеніне, қазақтың мәдени құндылығы екеніне ешкім де таласа алмайды. Біздің де басты көздегеніміз – осы үш мәселенің шешімін табу. Сол үшін осындай шешім шығарып отырмыз», — дейді Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті.

    Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбі күні Бурабай өңіріндегі Текелікөл жағасында «Қансонар» халықаралық құсбегілер фестивалі өткен болатын.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.