Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-дағы тұрақтандыру қоры заманауи қоймаларды пайдалана бастады
    Жаңалықтар

    ОҚО-дағы тұрақтандыру қоры заманауи қоймаларды пайдалана бастады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Қыс айларында азық-түлік бағаларының қымбаттауына жол бермеу керек. Бұл үшін тұрақтандыру қоры тиісті шараларды атқарып, халық көп тұтынатын өнімдердің  қорын жеткілікті көлемде дайындап, бағаның өзгермеуіне ықпал етуі тиіс. Бұл туралы Шымкент қаласындағы көлік-логистикалық орталығында орналасқан  «Оңтүстік азық-түлік компаниясы» ЖШС-нің  қоймасын аралап көрген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.
     Аталған тұрақтандыру қоры  бүгінде халыққа қажетті барлық тауарларды таяуда ғана пайдалануға берілген  Шымкент қаласындағы көлік-логистикалық орталығында сақтауға кіріскен болатын.  Қазір аталған қор мұндағы 4 мың шаршы метрлік қоймаларды жалға алып, 2,5 мың тоннаға жуық азық-түлік тауарларын сақтап отыр. Аталған серіктестіктің жұмысымен танысқан өңір басшысы бағаны тұрақтандыруда заманауи қоймалардың маңызды екенін жеткізді.
    «Еліміздің солтүстік аймақтарында қыстың кеш түсіп, жылы температураның сақталуына байланысты тауар өндірушілердің қоймалардағы картоп, сәбіз өнімдері шіріп кетіп жатыр. Соның салдарынан тауар өндірушілер қоймалардағы тауарларын жаппай сатуға шығаруда. Бұл жәйт алдағы көктем айларында нарықта кейбір өнім түрлерінің тапшылығына алып келуі мүмкін. Сондықтан облысымызда құрылған тұрақтандыру қоры  Шымкент қаласында орналасқан көлік-логистикалық орталығындағы жаңа заманауи қойманы пайдалануды қолға алды. Қордың бұл әрекетін құптарлық деп бағалаймын» — деді Жансейіт Қансейітұлы.
    Өңір басшысы қордың жалға алып отырған қоймаларын аралап көріп,  ет пен ет өнімдерін де сақтауға кеңес берді.
    «Бұған дейін тұрақтандыру қоры тауарларын Кеңес заманынан қалған  қоймаларда сақтап келді.  Талапқа сай келмегендіктен сақталған тауарлар ерте бүлініп, бірқатар шығындарға ұранатын. Енді міне Шымкент қаласынан заманауи қойма пайдалануға беріліп, тауарларымызды сақтау мерзімі ұзарып отыр. Қазірдің өзінде біз осында сақталған картоптарды 85 теңгеден, сәбізді 80 теңгеден, ал пиязды 50 теңгеден сатылымға шығарудамыз» — деді «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының орынбасары Маратбек Мырзамұратов.
    Айта кетейік, мұндағы барлық тауарлар биржа арқылы сатып алынады. Екіжақты жасалған шарт бойынша сатушылар тауарларын өзінде сақтап, кейіннен сұранысқа сай осы қоймаға жеткізіп беріп отырады. Ал әлеуметтік маңызы бар бұл азық-түлік қоры баға шарықтап кеткен жағдайда бәсекелестік орта қалыптастырып,  оны қайта қалыпқа келтіруге сеп болмақ. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қараша айына белгіленген 101 пайыз баға индексі 98,5 пайызға төмендеп отыр.
    ОҚО әкімнің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.