Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жұмағалиев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының негізгі драйверлерін атады
    Жаңалықтар

    Жұмағалиев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының негізгі драйверлерін атады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.12.2017Updated:07.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының негізгі драйверлерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Ең бірінші кезекте адами капиталды дамытумен айналысатын боламыз. Бағдарламада оған арналған толықтай бір бөлім бар. Онда ақылды, кәсіби, цифрландыруды түсінетін адамдарсыз мұндай бейіндегі бағдарламаны жүзеге асыру өте қиын болатындығы жазылған. Сондықтан біз бұл бағдарламада ең алдымен адами капиталға баса назар аударамыз», — деді ол елорада өтіп жатқан «IoT Forum Astana-2017» форумында.

    Оның айтуынша, екіншіден, Қазақтелеком және Қазақстанда тіркелген телекоммуникация саласының өзге де операторларының қатысумен инфрақұрылым дамытылатын болады.

    «Біз бүкіл халықты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуіміз қажет. Яғни, цифрландырудың игілігі бүкіл азаматтарымызға қол жетімді болуы тиіс. Бұл тұрғыда оған қалай жеткізетіндігіміз жөнінде нақты жоспар, түсінік бар. Таяу уақытта БАҚ арқылы кең жолақты интернетке қол жетімділік бағдарламасы жайында ақпарат береміз», — деді Үкімет басшысының орынбасары.

    Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, келесі кезекте цифрлық мемлекет құруға баса назар аударылады. Жалпы бұл бағытта елімізде біраз жұмыс атқарылған. Қазіргі уақытта Қазақстан электрондық үкіметті дамытуда 33-ші орында тұр. Алдағы уақытта көптеген мемлекеттік қызметтерді қағазсыз ұсыну жүзеге асырылатын болады. Ал ЭКСПО базасында жаңа стартаптарды құруды көздейтін инновациялық экожүйе «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының келесі бір драйверіне айналады.

    «Бесінші — индустрияны цифрландыру. Бұл өнеркәсіп үшін өте маңызды IoT, интернетке қолжетімділік мәселелері. Оларды қолдану арқылы да мол тиімділік алуға болады. Бүгінде көптеген компаниялар осы процесте жұмыс істеуде»,- деді Премьер-Министрдің орынбасары.

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.