«Нұр Отан» Партиясы ОҚОФ ғимаратының мәжіліс залында әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтуде. ОҚО ішкі саясат басқармасы мен «ОҚО Азаматтық альянсы» қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараға облыс, қала әкімдігі, мемлекеттік құрылымдар өкілдері, ҮЕҰ, бизнес құрылымдар мен БАҚ өкілдері қатысуда. Оның ішінде ОҚО мәслихатының депутаттары, атап айтқанда Н.Әбішев, Д.Әбіш, Ө.Есей, М.Тұрысбеков жиынға арнайы қатысып отыр.
Бұл – үкiметтiк емес ұйымдар үшiн байланыс пен бiлiм алаңы. Мұнда қатысушылар өзара тәжiрибе алмасып, идеяларымен бөлiсiп, жаңа серiктестер табуға мүмкiндiк алады. Дәстүрлі жәрмеңкеде қатысушылардың кәсiби бiлiктiлiгi, тиiмдi жобаны жүзеге асыру мүмкiндiгi және оның аймаққа әкелер пайдасы сынға түсуде.
Жалпы биылғы байқауға 17 жоба қатысып отыр. Жобаларды жан-жақты сараптайтын қазылар алқасы Үздік деп танылған жеңімпаздарды арнайы марапаттайтын болды.
«Айғақ-ақпарат».