Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Елбасы: Шетелдегі қаражатты қайтарыңдар да, Қазақстанда ұстаңдар
    Жаңалықтар

    Елбасы: Шетелдегі қаражатты қайтарыңдар да, Қазақстанда ұстаңдар

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетелдегі қаржыны қайтаруға қатысты арнайы заңнаманы әзірлеуді тапсырды. Аталған міндет Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Осы уақытқа дейін біз ақшаны заңдастыруды үш рет өткіздік. Ешкімге тиіспейміз дедік. Солай болды. Бір адамды жауапқа тарттық па? Біреудің астын қазбаладық па? Жоқ, ешкімге тиіскен жоқпыз. Қазіргі жағдайда сіздер шекараның арғы жағында ұстап отырған ақшаларыңыздан айырыласыздар! Өздерініз сезіп жатқан боларсыз. Санкциялық соғыс қызып тұр. Ондайда сіздерге ешкім көмектесе алмайды. Ақшаны Қазақстанға қайтарыңдар да, осында ұстаңдар! Қандай кепілдік керек? Мен тиісті заңдарды да, жарлықтарды да шығарып беремін. Олай істемеймін десеңдер, біз өзіміз істейміз. Артынан реніш болмасын», — деді Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Индустрияландыру күніне арналған жалпыұлттық телекөпір кезінде.

    Президенттің айтуынша, бүгінде 18 отандық компания 12,5 млрд долларды шетелде ұстап отыр. Атап айтқанда, «Теңіз Шевройл» компаниясы — 4,5 млрд доллар, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы — 3 млрд доллар, «ҚазМұнайГаз барлау мен өндіру» компаниясы — 2 млрд доллар, «Азия газ құбыры» ЖШС — 1 млрд-тан астам, «Бейнеу-Шымкент» газ құбыры» ЖШС — 100 млн доллар, бұдан бөлек, «Шығыс Цемент», «Жайық Мұнай», Каспий құбыры консорциумы және тағы басқа компаниялар шетелде қыруар қаражатты ұстап келеді.

    «Неге олай істейсіздер? Қазақстанның ресурстарын сатып, ақша табасыздар? Ал табысты шетелде ұстайсыздар. Неге ол ақша осында айналып, ел экономикасына жұмыс істемейді? Жарты жылдың ішінде мемлекетке қарасты компаниялар шетелдегі қаржысын 2 млрд доллардан 6 млрд-қа дейін ұлғайтты. Сіздер нені күтіп отырсыздар?! Мен осыны түсінбеймін», — деп атап көрсетті Президент.

    Осы орайда Мемлекет басшысы әрбір компания басшысымен жеке-жеке сөйлесуді тапсырды. Аталған міндет Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді.

    «Ақшаны қайтармаса, мен олармен басқаша сөйлесемін. Осыны бүкіл Қазақстанның алдында ескертіп қояйын. Біз ол ақшаны қайтарудың жолын табамыз. Бірақ ол кезде сіздер болмайсыздар. Сіздерге жаман бір нәрсе істейміз деп отырған жоқпын. Мемлекет сіздерге ақша жасауға жағдай жасады. Сіздер болса, ол ақшаны мемлекеттен тығып отырсыздар. Олай болмайды. Жетеді осымен», — деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.