Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Биыл ай сайын 13-14 қыз-келіншектерге қылмыстық зорлық-зомбылық жасалған
    Жаңалықтар

    Биыл ай сайын 13-14 қыз-келіншектерге қылмыстық зорлық-зомбылық жасалған

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің  Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары М.Абдурамановтың облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиевке шығыс хатпен (13.11.2017 ж. №30-2-33/882) Жергілікті полиция қызметінің 2017 жылғы 10 айында жедел-қызмет жағдайы қорытындысы туралы жолдаған Анықтамасын сараптау барысында төмендегі анықталды.

    2017 жылдың 10 айында жүзеге асырылған шаралардың нәтижесінде облыс аумағында орын алған зорлау деректері 21,5 пайызға төмендеген. 2016 жылы зорлауға қатысты 172 қылмыс тіркелсе, 2017 жылы 135 қылмыс орын алған. Яғни, облыс аумағында ай сайын зорлау бойынша 13-14 қылмыс жасалып отырған.

    Аталған қылмыстың қылмыстық жауапкершілігі Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 120-бабында көрсетілген

    120-бап. Зорлау

    1. Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау –

    үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

    1. Мынадай:

    1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

    2) өлтіру қатерін төндірумен ұласқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған;

    3) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соққан;

    4) бірнеше рет жасалған зорлау –

    бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

    1. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:

    1) абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқса;

    2) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ/ЖИТС жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса;

    3) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;

    4) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалса;

    5) кәмелетке толмаған адамға қатысты ата-анасы, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге де адам жасаса;

    6) қылмыстық топ жасаса –

    белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып немесе онсыз, ал 5) тармақта көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

    1. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар көрінеу жас балаға қатысты жасалса, –

    белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.