Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ордабасыда мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көргендер көп
    Жаңалықтар

    Ордабасыда мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көргендер көп

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ОҚО әкімі Ж.Түймебаев Ордабасы ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде бірнеше өнеркәсіп орындарының де тыныс-тіршілігімен танысты. Еліміздегі берекелі бағдарламаның бірі «Өрлеу» жобасына сүйеніп, кәсібін дөңгелетіп жүрген іскер азаматтардың да жұмысын бағамдады.

    2008 жылы іске қосылған «Ордабасы нан» өнеркәсібінің жұмысы жүйелі.  Тәулігіне 450 тонна бидай өндейді, оның 75 пайызы ұн.  Мұнда 98 азамат  жұмыспен қамтылған. Өндірілген өнімнің басым бөлігі, Ауғанстан, Тәжікстан сынды шетелдерге экпорталады екен. Күндіз түні технологиялары тоқтаусыз жұмыс істейтін өнеркәсіп, ас атасын арттыруды көздейді. Алайда алып цехты мазалайтын қазіргі мәселе, тасымалдаушы вагондардың жайы көрінеді.

    Өнеркәсіп орнының тыныс-тіршілгімен танысқан аймақ басшысы зауыт қызметкерлерінің түйіткілдеріне де құлақ асты.

    Ал «Миграж-Б» кешені бір мезетте, 200 ірі қара мал мен жылқы бордақылауға қауһарлы. 2 азаматты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған шағын өнеркәсіп 70 тонна ет өндіруді жоспарлап отыр.

    Аймақ басшысы аялдаған келесін нысан «Нұр Агро» ЖШС.  Өнеркәсіп жылына 30 000 тонна мақта өңдейді. Дайындалған мақта талшықтары Чехия, Белоруссия, Молдаваға жөнелтіледі екен. Жалпы облыс көлемінде Мақтарал, Шардара, Ордабасы аудандары мен Иханнан ақ мақта қабылданады.

    Өңірде кәсібін тауып, нәсібін көріп жүрген іскер азаматтар жетерлік. Бұған елімізде жүзеге асып жатқан берекелі бағдарламалар себеп. «Ауыл шараушылығын қаржылай қолдау қорына жүгініп, 2 млн. теңге несие алып, тұрмысын түзеткендерді бірі Утеев Ермекбай. 6 гектар аумақты жылыжайында қияр, қызанақ көкөністер көптеп өсірілуде. Келесі жылы өнім көлемін арттырамын деп отыр жылыжай иесі.

    Қоғамда әлеуметтік аз қамтамасыз етілген азаматтардың тұрмыс жағдайын көтеруге және олардың өзін-өзі қамтамасыз еуіне Өрлеу мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асты. Оған ай сайынғы табысы елдегі белгіленген ең төмен күн көріс мөлшерінен 60 пайыз төмен болатын жұмыскерлер ғана қатысушы бола алады. Бұл бағдарламаға жүгініп, берекелі жұмысын бастаған азаматтардың кәсібімен аймақ басшысы арнайы танысты. Кіші кәсіптің иелері ағаш, қолөнер бұйымдарын сатылымға шығарып, ісін  өркендетуде.

    Жансейіт Түймебаевтың Ордабасы ауданындағы тындырымды тірліктерге көз жетікізді. Жүйелі жұмысқа оң бағасын берді. Алдағы уақытта атқарылар жұмыстарға да  нақты тапсырмаларын жүктеді.

    Айзада Бидан

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.