Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО әкімі Түркістан қаласында жұмыс сапарымен жүр
    Жаңалықтар

    ОҚО әкімі Түркістан қаласында жұмыс сапарымен жүр

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.12.2017Updated:05.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы атанған Түркістан қаласында өтіп жатқан  ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы тұрақты Кеңесінің 35-ші отырысына қатысқан ОҚО әкімі Ж.Түймебаев Рәміздер алаңының ашылуына қатысты.

    2017-12-05-photo-00000016

    2017-12-05-photo-00000017

    2017-12-05-photo-00000018

    Осылайша,Түркістан қаласында рәміздер алаңы ел игілігіне беріліп, еліміз бойынша биіктігі жағынан үшінші алып ту Түркістан төрінде желбіреді. Ту тұғырдың биіктігі  — 62,5 метрді құрайды. Ал, байрақтың ені 12 метр болса, ұзындығы 24 метр.

    2017-12-05-photo-00000019

    Алаңдағы мәрмар тастарға Елбасының, ақын-жазушылар мен ғұламалардың, қоғам қайраткерлерінің қанатты сөздері жазылған. Бекзат Саттарханов даңғылының бойында салынған алаңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері көрініс тапқан және елдік мұратты меңзеген Елбасы мен қазақ елі қайраткерлерінің қанатты сөздері жазылған арнайы тас тақталар сап түзеген. Рәміздер алаңын салуға жергілікті бюджеттен 230 миллион теңге көлемінде қаржы бөлініп, сол ақша толығымен игеріліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Онда түрлі кіші архитектуралық формалар мен су бұрқағы, беседкалар, орындықтар, урналар, газондар мен гүл клумбалары орнатылып, декоративті ағаштар отырғызылған.

    2017-12-05-photo-00000020

    2017-12-05-photo-00000022

    2017-12-05-photo-00000024

    ОҚО әкімінің сапары мұнан кейін «Golden camel group LTD» ЖШС-нде жалғасты. Мұнда қымыз ұнтағын өндіреді. 2018 жылы  мамыр айында іске қосылатын кәсіпорынды Қытай компаниясы салып жатыр.

    2017-12-05-photo-00000036

    2017-12-05-photo-00000037

    2017-12-05-photo-00000039

    Мұнан кейін, аймақ басшысы киелі шаһардағы Қарашық шағын су қоймасына атбасын бұрды. Құрылысы 2016 жылдың қыркүйек айында басталған нысан ағымдағы жылдың қараша айында аяқталыпты. Жоба құны — 471,4 млн.теңге. Үшайық ауылдық округінде орналасқан су қоймасы жаңаруы нәтижесінде 350  гектар жер игеріледі деп күтілуде.

    2017-12-05-photo-00000045

    2017-12-05-photo-00000043

    2017-12-05-photo-00000041

    Бағлан Байкөбекқызы

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.