Түркістан қаласына арналған ОҚО әкімінің жұмыс сапары «Инар А.С» ЖК жылыжай кешенінде жалғасты. 2017 жылдың шілде айында іске қосылған кешен көлемі 5 га. Көкөніс өндірумен айналысатын жылыжайда 10 адам жұмыс жасайды.
Намазбаева Индира жетекшілік ететін кешеннің жобалық құны 45,0 млн. теңгені құрайды. Жылыжай жұмысымен танысқан Жансейіт Түймебаев әкімдік тарапынан тиісті көмектің көрсетілетіндігін жеткізді.
Бағлан Байкөбекқызы