Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ЖАҢА КОМПРЕССОРЛЫҚ СТАНЦИЯ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
    Жаңалықтар

    ЖАҢА КОМПРЕССОРЛЫҚ СТАНЦИЯ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Қазақстан — Қытай» газ құбырының «С» тармағында жаңа компрессорлық станция жұмысын бастады. Инвестициялық жобаны салу мен одан әрі пайдалануды «ҚазТрансГаз» АҚ және «Тrans-Asia Gas Pipeline Co. Ltd» компанияларының бірлескен еншілес кәсіпорны — «Азиялық Газқұбыры» ЖШС іске асырды.

    sequence-02-00_17_28_22-still001

    Ұлттық оператор «ҚазТрнсГаз» АҚ магистралдық газ құбырының жаңа компрессорлық станциясын пайдалануға енгізді. Нысан Шардара ауданында орналасқан және бұл жоспарланған 8 станцияның бірі болып табылады. Газ инфрақұрылымының жаңа объектісі газ құбырының «С» тармағының өнімділігін арттыруға және жылына 25 млрд текше метрге дейін газ тасымалдау көлемдерін ұлғайтуға мүмкіндік беріп отыр. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі вице-президенті Қайрат Шәріпбаев — «Қазақстан — Қытай» магистральдық газ құбырының компрессорлық станциясын іске қосу, Қазақстандық газ тасымалдау жүйесін жетілдіруге деген кезекті қадам екенін атап өтті. Нысанның іске қосылуымен еліміз шығыстық газ транзитін екі есеге арттыруға қол жеткізді. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасын орындаудағы жүйелі жұмыстардың бірі.

    sequence-02-00_18_56_13-still002

    Компрессорлық станция төрт бірдей мемлекетті яғни, Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан және Қытайды байланыстыратын, өткізу қабілеттілігі мен ұзындығы бойынша ең ірі, сондай-ақ «Орталық Азия-Қытай» трансұлттық газ құбырының құрамдас бөлігі болып табылады. Станцияда «Rolls Royce» компаниясының газ айдаушы агрегаттары орнатылған. Пайдаланылған инновациялық жабдықтар жетекші, әлемдік өндірушілердің замануи үлгісі болып табылады.

    «Қазақстан — Қытай» магистралдық газ құбырының жаңа компрессорлық станциясы тәулік бойы және 7 күндік режимде үздіксіз тасымалдау процесінің барынша тиімділігін қамтамасыз ете алады. ҚР Тұңғыш Президент күні қарсаңында жүзеге асқан ірі жобаны мемлекеттің мүддесі үшін жасалынған нақты қадамдардың бірі деп айтуға болады.

    http://aigak.kz/wp-content/uploads/2017/12/жомарт-сайт-газ.mp4

    Жомарт Бегімбет

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.