Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ж.Түймебаев облыс тұрғындарын Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
    Жаңалықтар

    Ж.Түймебаев облыс тұрғындарын Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев барша оңтүстікқазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады. Бұл туралы облыс әкімінің баспсөз қызметі хабарлады.

    «Құрметті жерлестер! Баршаңызды халқымыз үшін маңызы зор мереке — Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын.

    1 желтоқсан – Қазақстанның тәуелсіздік алуына, ел еңсесінің көтерілуіне, халық арманының орындалуы мен мемлекетіміздің қарқынды дамуына іргетас болып қаланған күн. Бүгінгі мереке еліміздің тарихи таңдау жасап, тағдырлы шешім қабылдаған – Қазақстан Республикасының Президентін алғаш рет сайлаған күні. Осындай тағылымды мейрам қарсаңында облыс аумағында көптеген игі істер атқарылуда.

    Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының арқасында еліміз экономикалық реформаларды жүзеге асырып, нәтижесінде қазір біз тұрмысы түзелген, халқының әл-ауқаты жасқарған мемлекеттердің қатарына қосылдық. Тұңғыш Президентіміз  қиын-қыстау кезеңдерде  ұлт болашағын, халықтың келешегін айқындайтын қадамдарға барып, қуаты жағынан әлемде төртінші орынға ие ядролық қарудан ерікті түрде бас тарту арқылы дүниежүзінде адамзаттық тұрғыдағы үлгілі қадамға барды. Осы көреген саясаттың арқасында қазақ халқының шынымен де бейбітшілік сүйгіш ел екендігі әлемге паш етілді. 1995 жылы Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы осы жылдар аралығында өзінің қажеттілігін талай рет дәлелдеді. Ішкі бірлікті сақтау арқылы жалпыұлттық тұтастыққа, тұтастық арқылы дамудың даңғыл жолын таңдауымызға темірқазық бола білді.

    Қазақстандықтар Н.Ә.Назарбаевтың көрегенді көсемдігінің нәтижесінде  тарихи табыстарға қол жеткізді. Бүгінде халықаралық қауымдастық Қазақстанды өңірлік көшбасшы, тату көрші, сенімді әріптес ретінде құрметтеп, еліміздің өсіп-өркендеуін  оң бағалауда. Мемлекет басшысының экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдарына кіру  бағыты жөніндегі шешімі де жоғары деңгейдегі мемлекеттік менеджменттің тамаша үлгісі ретінде бағаланып отыр. Сіздерді сенім мен ізгі тілектің бастауы болған – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тiлеймiн!»,-деді облыс әкімі.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.