• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Тамыз 2, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шамалған ауылында «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылды

01.12.2017
0

Бүгін Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған ауылында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылды. Шара Алматы облысының әкімшілігі және ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қорының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Атамекен» тарихи-мәдени орталығында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Кітапханасы, Тұңғыш Президенттің Музейі, Президент Іс басқармасы, ҚР Ұлттық кітапханасы, Шамалған ауылының мектеп-музейі, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейі және М. Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі берген құжаттар, кітаптар, фотоматериалдар және басқа экспонаттар жиналған.

Жаңа орталықта хронологиялық ретпен орналастырылған Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметінің, Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдеріне сәйкес келетін экспонаттар орталыққа келушілерге қазақстандық мемлекеттіліктің қайта жаңғыруы процесіндегі, экономикадағы және әлеуеметтік саладағы, тарихи дамудағы түбегейлі терең өзгерістер өткізудегі және Қазақстанның ХХ және ХХІ ғасырлар шеңберінде халықаралық беделінің нығаюындағы Елбасының ауқымды үлесін, рөлі мен еңбегін көзбе-көз бағалау мүмкіндігін тудырады.

331

Бірінші залда болашақ мемлекет Басшысының балалық және жасөспірім жылдарына, еңбек жолының басталуына арналған экспозиция орналасқан.

Екінші залдың экспонаттары Елбасының одақтық республика басшысы қызметтерін атқарған және тәуелсіз Қазақстанның бүкіл халқы Тұңғыш Президент етіп сайлаған кезеңдерге жатады.

«Атамекен» орталығының үшінші залы Елбасының басшылығымен іске асырылған ауқымды қайта құруларға, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің ширек ғасырындағы даму қорытындыларына арналған. Сондай-ақ мұнда Н.Ә. Назарбаевтың туған ауылы Шамалғанға әр жылдары барған сәттері туралы фотоматериалдар да бар.

Төртінші залда Елбасының сыртқы саясаттық қызметі – Астанада өткізілген саммиттер және ЭКСПО-2017 қоса алғандағы ірі халықаралық шаралар, Қазақтардың Бүкіләлемдік құрылтайы, шетелдердің мемлекет және үкімет басшыларының ресми келген сапарлары туралы материалдар орналастырылған.

62

Елбасына шетелдік көшбасшылар тарту еткен хаттамалық сыйлықтар үлкен қызығушылық тудырады.

«Атамекен» орталығында Президент еңбектерінің, сондай-ақ түрлі авторлар жазған Елбасының жолы туралы кітаптардың үлкен топтамасы жинақталған.

Орталыққа кіреберісте Қазақстан Республикасы картасының аясында танымал мүсінші Шамиль Қожаханов орындаған қола композиция орналастырылған.

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының қоры ерекше сый – мемлекет Басшысы пайдаланған үкіметтік автомобильді тарту етті.

«Біз бүгін тарихи мәні бар үлкен оқиғаға куә болудамыз. Бұл күн барлық қазақстандықтар үшін елеулі болып табылады, өйткені Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – қарқынды әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы бар мемлекеттің бірегей үлгісін жасаған заманымыздың танымал мемлекеттік және саяси қайраткері. Елбасы секілді тарихи тұлға біздің жастарымыз теңелуге тырысып, өздері үшін дұрыс бағдар белгілеуі, еліктеу үшін айшықты үлгі болып табылады, ал оның идеялары мен еңбегінің жемісі халық игілігіне айналуға тиіс», — деп атап өтті ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев.

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БІР ТӘУЛІКТЕ 543 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

БІР ТӘУЛІКТЕ 543 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Масаң күйде көлік жүргізген азамат жүргізуші куәлігімен қош айтысты. Енді 7 жылға дейін көлік тізгіндей алмайды. Оқиғаның мән-жайы былай. Қазір...

ПОЛИЦЕЙЛЕР ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Шымкентте патрульдік полицейлер өрттің алдын алдв. Ташенов көшесін патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары қою түтінді байқап, оқиға орнына бірден жеткен. Олар...

ГАРНИЗОН КӨЛІКТЕРІНЕ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ГАРНИЗОН КӨЛІКТЕРІНЕ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Жолдағы қауіпсіздік пен техниканың сақадай сай болуы – кез келген тапсырманы мінсіз орындаудың басты кепілі. Осы мақсатта Шымкент гарнизонында автокөліктердің...

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ОРТАҚ ШЕШІМ

30 ОТБАСЫ ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕР ИЕЛЕНДІ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Тұрғын үй кезегін жылдар бойы күткен 30 отбасы үшін бүгінгі күн жаңа өмірдің бастауы болды. Яғни, жалдамалы баспананың кілтін иеленді....

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ОРТАҚ ШЕШІМ

ҚАРТТАР ҮЙІНЕ ҚҰРМЕТ САПАРЫ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

“ Қарттарым – асыл қазынам” Жақындарынан алшақтап, өзге жандардан жылу көрген 70 қарттың жағдайы қалай? Оларға бүгінде қандай әлеуметтік көмек...

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ОРТАҚ ШЕШІМ

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ОРТАҚ ШЕШІМ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Шымкентте тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін үш маңызды сала бір жиында талқыланды. Неліктен санитариялық қызмет кез келген кәсіпкерді тексере...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.