Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да балабақшамен қамту мақсатына 1,9 млрд. теңге бағытталды
    Жаңалықтар

    ОҚО-да балабақшамен қамту мақсатына 1,9 млрд. теңге бағытталды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс он жетінші сессиясы өтті. Жиынның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.   Басқосуға облыс әкімі Ж.Түймебаев, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, облыстық мәслихат депутаттары, қала және аудан әкімдері, облыстық, аумақтық департамент, басқарма басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

    Сессияның жұмысын облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Қ.Б.Абасов жүргізіп отырды.

    Бірінші кезекте халық қалаулылары облыстық маслихаттың «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу жайын талқылады. Нәтижесінде ішкі істер департамент қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын 25 пайызға ұлғайту мақсатында республикалық бюджеттен 569,9 млн. теңге бөлінетін болып бекітілді.

    Сондай-ақ, сессия барысында облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу мәселесі де қаралды. Халық қалаулыларының келісімімен облыстық мәслихаты комиссиясының құрамы өзгерді.

    Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешімімен Тасыбаев Әбдірахман Батырбекұлы берген өтінішіне сәйкес, 2017 жылғы 30 қарашадан бастап, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды.

    Өз кезегінде сөз алған өңір басшысы 2020 жылға қарай балаларды 100 пайыз балабақшамен қамту мәселесіне ерекше тоқталды.

    «Облыстық бюджет көлемі жалпы 518,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 32,4 млрд. теңгеге өсіп отыр. Балаларды балабақшалармен қамту деңгейін 85,5 пайызға жеткізу мақсатында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыруға қосымша 1,9 млрд. теңге бағытталды. Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылға қарай балаларды 100 пайыз балабақшамен қамту жөніндегі Елбасының тапсырмасын орындау қажет» — деді Жансейіт Түймебаев.

    Сессияны қорытындылаған облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және халықты ауыз сумен қамту бағытындағы атқарылар мәселелерге басымдық беруді тапсырды.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.