Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Бір Отан, Бір тағдыр, Бір Елбасы
    Жаңалықтар

    Бір Отан, Бір тағдыр, Бір Елбасы

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні еліміздегі айтулы мерекелердің бірі.  Яғни осыдан тура  26 жыл бұрын дәл осы күні кең байтақ қазақ даласында  тұңғыш рет бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Міне осынау тарихи күнде  Н.Ә.Назарбаев халықтың  98,7 % дауысына ие болып, егемен еліміздің Тұңғыш Президенті атанды. Осы орайда айтулы мерекеге арналған ОҚО-ның негізгі шарасы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында өтті. Мұнда келген қонақтар үшін Мемлекет басшысының өмір жолынан сыр шертетін кітаптар көрмесі қойылған.

    6

    7

    Ал жергілікті мәслихат депутаттары, ардагерлер және де зиялы қауым өкілдері мен студент жастар көптеп жиналған мерекелік шара мемлекеттік әнұранымызды шырқаумен бастау алды.

    4

    1991 жылдан бері Тәуелсіз Қазақстан Республикасын күллі әлемге таныта білген салмақты саясаткер  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуына қомақты үлес қосты.  Мерекелік жиында сөз алған Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша облыс тұрғындарын құттықтай келе айтулы мерекенің мән маңызына кеңінен тоқталды.

    3

    Ал мұнан соң аймақ басшысы Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай бірқатар азаматтарды арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Еткен еңбектері еленіп, құрметке бөленгендер қатарында қарапайым жұмысшыдан бастап, бүгінде зейнетінің бейнетін көріп отырған сала ардагерлері де бар.

    1

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіздік жылнамасында сіңірген еңбегі зор.  Ұлттақ Рәміздерімізді  бекітіп, Төл теңгемізді  айналымға шығаруда да Мемлекет басшысы табандылық таныта білді. Ал ең бастысы егемендік алған қиын-қыстау  жылдары мемлекетіміздің баянды болашағын болжай отырып,  нақты бағыт бағдарымызды айқындады. Сондықтан да мерекелік шара барысында шырқалған әндер нар тұлғалы Елбасыға арналып жатты.

    5

    Еліміздің тұғыры биік бүкіл әлем мойындаған мемлекет болып қалыптасуы жолында Президентіміздің сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Сондықтан, бұл  мерекенің тойлануының өзіндік ұлтқа берері мол.  Мәселен, айтулы күн арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның  тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында бағындырған белестерінен хабардар болмақ.

    2

    Мемлекет басшысының  бүгінде Ұлттың мақтанышымызға айналып отырған  елордамыз Астананың уығын қадап, күллі әлемге бас қаламызды мойындата білгені өзінше бір тарих. Мұнымен қоса, халқымыздың бүгіні мен ертеңіне мән беріп, алдағы тірліктерінің жоспары ретінде Қазақстан халқына жыл сайын  маңызды стратегиялық Жолдауларын ұсынып және оны сәтті жүзеге асырып келеді. Әрине мұның барлығы Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевты қазаққа деген сүйіспеншілігі мен ұйымдастырушылық қабілеті жоғары іскер басшы екендігін айшықтай түседі.

    Әрине, бұл күн тек Елбасының емес, Қазақстанның мерекесі. Олай болса кең байтақ жеріміз аман, еліміз тыныш, әр қашан тұғырымыз биік, мақсатымыз айқын болып, көк туымыз күллі әлемнің төрінде желбірей берсін. Баршаңызға мерейлі мереке құтты болсын!

    Абай Омар

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.