Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ЕЛБАСЫ – ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
    Жаңалықтар

    ЕЛБАСЫ – ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.11.2017Updated:30.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, болашаққа бағыт-бағдар беруде Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ерекше.

    Өткенді еске алып, тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991  жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық  сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды.

    Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде  сенімді  басшыға  өз тағдырын  тапсырған  Қазақстан халқының  жауапты  таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан  Әбішұлының салиқалы саясатының арқасында  тәуелсіз Қазақ елі  қалыптасып, тарихымыз  түгенделіп,  тіліміз және дініміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері  қабылданды.

    Ұлт көшбасшысы 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан халқына берген  антын тұтастай  және толық  орындады. Еліміз бүгінде  бүкіл әлемге  танымал «Қазақстан»  атына ие болды.

    Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан бастап мемлекеттің даму жолындағы жұмыстардың басымы Н.Ә.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты, ерлігімен ұштасқан дүниелер екені даусыз.

    Бүгінгі күні, Елбасының жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы – Тұңғыш Президент халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты.

    Президент заңдылық пен құқықтық тәртіпті орнату жағдайына аса көңіл бөлді.  2017 жылдың 30 маусымында Елбасы «Прокуратура туралы» Заңға қол қойып, прокуратура қызметіне жаңа бағыт берді. Бұл өз кезегінде халық пен қоғамның мүддесін қорғайтын ашық, әділ және тиімді прокуратура жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Қазақстанды қазірде әлем мойындайды. Найзаның ұшы, білектің күшімен ата-бабадан қалған елімізді басқарған Н.Ә.Назарбаев Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті.

    Елімізде тойланып отырған бұл мерекенің тарихи маңызы орасан зор екені айдан анық.

    Ендеше Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

     Оңтүстік Қазақстан

    облысының прокуроры                                                                      Н. Әбдіров

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.