• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қыркүйек 16, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда Фурманов көшесі Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл болып аталды

30.11.2017
0

Алматыдағы Фурманов көшесі Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл болып өзгертілді, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен

Бейсенбі күні таратылған хабарда айтылғандай, бүгін VI-ші шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихатының сессиясы барысында мегаполис тұрғындарының көптеген ұсыныстарын ескере келіп және қалалық ономастика комиссиясының,ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының келісімімен Алматының басты көшелерінің біріне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың есімін беру туралы шешім қабылданды.

Сессия барысында Алматы әкімі ономастикалық комиссияға қайталанатын 112 көшенің атауларын өзгерту туралы зиялы қауым өкілдерінен, ҮЕҰ-дан, қала тұрғындары мен әсіресе жастардан мегаполистің басты көшелерінің бірі Фурманов көшесіне Елбасы есімін беру жөнінде көптеген ұсыныстар түскенін атап өтті.

«Біз биыл Астананың 20 жылдығын мерекелейміз. Егер еске алатын болсақ, тарихтың өзі астананы көшіру туралы Елбасы шешімінің барынша көрегенді әрі дұрыс екенін дәлелдеді. Соның арқасында Еуразия орталығында жаңа заманауи қала пайда болды әрі еліміздің іскерлік орталығы ретінде Алматы жаңа серпінмен дами бастады. Тарихи маңызы зор шешім мен Президенттің экономикалық реформалары өзара ұштасып, жеке бастамаларды ынталандырды, кәсіпкерлік рухты дамытты. Бүгінгі күні Алматы – өңірлік тартылыс күші, Орталық Азияның ірі мегаполисі», — деді Бауыржан Байбек.

Ол Елбасының тұрақты қолдауы арқасында жүргізілген жүйелі реформалар барысында қала экономикасының 100 есе өскенін, шағын және орта бизнес қатарының 130 есе көбейгенін айтты. Егер сонау 90-шы жылдары Алматы ІЖӨ оннан бір бөлігін ғана берсе,бүгінгі таңда мегаполис экономиканың бестен бір бөлігін қамтамасыз етуде, жалпы еліміздің мұнайдан түсетін салығының төрттен бірін беруде, мұнда шағын және орта бизнестің барлық өнімінің төрттен бірі шығарылуда.

«Дәо осы қалада Елбасының бастамасымен Конституцияны қабылдау, ұлттық валютаны енгізу, Қарулы Күштерді құру, мемлекеттік рәміздерді бекіту, Семей полигонын жабу сиқяты тарихи істер жүзеге асты. Сондықтан Алматыда мұндай шешімнің қабылдануы өте орынды», — деді мегаполис әкімі.

Айта кетерлігі,осыдан 10 жыл бұрын Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың есімі Иорданияның Амман қаласындағы және Шешен Республикасының Грозный қаласындағы көшелердің біріне берілген болатын. Бұлардан өзге, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімімен Түркияның бірнеше қалаларының көшелері аталады, Татарстан астанасы Қазаннның магистральды көшесіне Елбасы есімі берілген.

Қала мәслихатының депутаты, «Ахыска» түрік ұлттық орталығының президенті Зиятдин Касановтың пікірінше, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өміршең бастамалары арқасында Қазақстан халықаралық қоғамдастыққа танымал болды.

«Президенттің жеке беделі арқасында Қазақстан мемлекетаралық дағдарыстарды шешуде маңызды серіктес болуда. Оның үстіне, Нұрсұлтан Әбішұлы атом қаруынан өз еркімен бас тартып, Семей полигонында сынақ жасауды мүлдем тоқтатып, өзін әлемде ядролық қаруды таратпау және жою жөнінде барынша белсенді саясаткер ретінде көрсетті. Мен әріптестерімнің ұсынысын толық қолдаймын және Фурманов көшесінің атауын өзгертуді дұрыс әрі заманауи шешім деп есептеймін», — деді ол.

Өз кезегінде мәслихат депутаты, «Алматы Ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай бұл тарихи шешімді қала тұрғындарының ұзақ күткенін айтты.

«Біз қасиетті жеріміз үшін қан төккен ата- бабаларымызды қадір тұтамыз, ал заманауи өмірде Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күрескен, мемлкетіміздің негізін қалаған, әлемдік аренаға Отанымыздың атын шығарған, әрине, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы. Біздің міндетіміз оның қайраткерлігін ұлықтау, бұл — тек қана менің пікірім емес, газет редакциясына күн сайын келіп түсіп жатқан көптеген қалалықтардың ізгі ниеті. Бұл біздің тәуелсіздікке, мемлекетімізге, ұрпағымызға деген құрметіміз», — деді Қали С.

Қала мәслихатының депутаты, «Ильдаш» татар гуманитарлық орталығының төрайымы Нурия Ниязова қазақстанның басты жетістігі тұрақтылық, келісім, бейбітшілік пен достық екенін атап өтті.

«Осынау өмірлік жетістіктерге біздің Мемлекет басшысының салиқалы ішкі және сыртқы саясаты арқасында қол жеткіздік. Бейбітшілік, келісім, бірлік арқасында еліміз дамыды, халықтың тұрмысы жақсарды бұл туралы Президент үнемі айтып келеді. Біздің қаламыз этникааралық келісім бойынша Елбасы моделінің жарқын үлгісі. Татумыз, бірге тұрып, бірге жұмыс істейміз. Соның арқасында қаламыз тартымды болып, түрлі ұлт өкілдері мен әртүрлі діни сенімдегі жандар қаламызға келуде, білім алуда, еңбек етуде. Олар өздерін барынша жайлы сезініп, болашақтарына батыл қадам жасауда. Сондықтан көше атауын өзгертуді дұрыс шешім деп есептеймін», — деді Н.Ниязова.

Осылайша, Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының бірауыздан қабылданған шешімімен Фурманов көшесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы даңғыл деп аталды.

Еске салсақ, Алматыда бұрындары бірін- бірі қайталайтын 100 көшелер атауы өзгерген болатын. Қалаға қосылған елді мекендерді есептегенде мегаполисте Абай атында — 12. М. Әуезов атында -3, Ж. Жабаев атында -13, Құрманғазы атында -6, Төле би атында — 5, Қазыбек би атында- 3, Әйтеке би атында -3, Райымбек батыр атында -8, Наурызбай батыр атында – 4, Қарасай батыр атында – 8, Байтұрсынов атында – 4, С. Сейфуллин атында- 5, Ә. Молдағұлова атында – 6, М. Мәметова атында 6 көше аталған екен.

Алматыда 42 көше еліміздің дамуына үлес қосқан қайраткерлер есімін иеленсе, қалғандары географиялық атауға, қазақстанның тарихы мен мәдениетіне, дәстүріне орай аталған екен.

Мысалы, Ш.Айтматов, Г.Бельгер, Т.Бигелдинов, Е.Серкебаев, Қ.Кенжетаев, С.Калмыков, Қ.Мырзалиев, Алматы апортының «әкесі» атанған Е.Редько және басқалардың есмідерін алған көшелер пайда болады.

Қалалықтарға еш жайсыздық тумайды. Мемлекеттік органдар базада көше атауы өзгерткен соң қажетті барлық анықтамаларды ЭЦП-ты пайдаланып электронды үкімет пор алынын немесе ХҚКО-нан бірнеше минут ішінде алуға болады.

ҚазТАГ

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
11.09.2025
0

Бесінші қыркүйек түні патрульдеу кезінде шымкенттік полиция инспекторлары Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков өздерінің қырағылығы мен батыл қимылының арқасында үлкен...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов есімін иеленген әскери колледждің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі,...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметін, инфрақұрылымын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Қоғамда «Заң мен тәртіп»...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

КЕЗЕКТІ  «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте жаңа «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа сыныпқа қызмет бабында ерлікпен қаза...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.