Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ж. Түймебаев: Азық-түлік бағасын төмендетуде қоймаларды тиімді пайдалануымыз қажет
    Жаңалықтар

    Ж. Түймебаев: Азық-түлік бағасын төмендетуде қоймаларды тиімді пайдалануымыз қажет

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында өзімізде өндірілетін және шеттен тасымалданатын азық-түлік тауар түрлеріне сараптама жұмыстары жүргізілуі тиіс. Ол үшін арнайы жоспар құрып, мониторинг жасалуы қажет. Екіншіден, өзімізде өндірілген тауарларды сақтау мәселесіне мән беруіміз қажет. Бүгін бұл туралы селекторлық жиында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

    Күн тәртібінде бірінші боп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен жанар-жағар май бағасын тұрақтандыру шаралары және тұрақтандыру қорының жұмысы талқыланды. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басышысы Б.Құрмансейіт баяндама жасап, өңірде ахуал тұрақты және тауарларға жетіспеушік байқалмайтындығын жеткізді.

    «Қазан айында әлеуметтік азық-түлік тауарлары тізбесіндегі 2 тауардың бағасының өсімі байқалады. Мәселен, картоп 17 пайызға яғни, 100 теңгеден 117 теңгеге өскен. Сүзбе 9,4 пайызға яғни, 1408 теңгеден 1541 теңгеге көтерілген. Десек те, қырыққабат 6,8 пайызға төмендеп отыр» — деді Батырхан Құрмансейіт.

    Жыл басынан баға өзгерісіне әсер етуші факторлар ретінде АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 22,1 пайызға, дизель отынының 19,8 пайызға, коммуналдық тарифтер бойынша жылудың 12,2 пайызға, кәріздің 13,3 пайызға, судың 13,3 пайызға, электрэнергиясының 1,3 пайызға қымбаттауы себеп болып отыр.  Ал, қазан айында   бензин АИ-92 маркасының   бағасы 11,4 пайызға, дизель отыны 6,9 пайызға өскен. Өңірдегі ахуалға қаныққан облыс әкімі қазан айындағы облыстағы инфляция деңгейі 6,1 пайызды құрағанын, оның ішінде азық-түлік тауарлары баға өсімі 4,3 пайызға, азық-түлік емес тауарлар 8,6 пайыз, ақылы қызметтер 5,8 пайызды құрағанына тоқталды.

    «Біріншіден негізгі 19 тауардың түріне бағаны дұрыстауымыз керек. Барлық басқармалар, аудан, қала әкімдері дайындық жұмыстарын күшейту керек. Екінші мәселе – осы тауар түрлерін өндіргенде сақтау мәселесіне мән беруіміз қажет. Бұл ретте Сайрам ауданындағы сиымдылығы 40 мың тонна қойманы тиімді пайдалануды тапсырамын», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Айта кетейік, баға тұрақтандыру мақсатында облыста арнайы штаб құрылып, тиісті іс-шара жоспары бекітілген. Жыл соңына дейін Шымкент қаласында 20 әлеуметтік дүкен ашылмақ. Сондай-ақ, Қажымұқан атындағы орталық стадион маңынан  үлкен әлеуметтік базар құру мәселесі де қаралып жатыр.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.