1 желтоқсан — Тұңғыш Президент мерекесіне де санаулы күндер қалды. Осыған байланысты «Айғақ» телеарнасының шығармашылық тобы тағы бір жобаны қолға алып отыр. Осы мақсатта Алматы облысы, Қарасай ауданына жолға шықты. Мақсат: Елбасының туған жеріне барып, Қарасай аудандық тариxи-өлкетану мұражайында түсірілім жасау. Әрине топ жетекшісі облыстық мәслиxаттың депутаты, ОҚО Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дулат Әбіш.
Телеарнаның бұл жобасындағы сапардың құрамында Елбасының курстасы мен Қазақстандағы ерекше адам, Ассамблея мүшелері бар. Олар: Елбасының курстасы, Түлкібас ауданының Құрметті азаматы Марат Қыстаубаев, еліміздегі ең ұзын адам Қалдыбай Атажанов, ОҚО шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі Хасан Бациев, ҚР өзбектері “Дустлик” қауымдастығы төрағасының орынбасары Усманәлі Қадыров, жазушы-фантаст Сарманбай Исақов, Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы Абзал Әділбеков пен ұстаз Жұмаxан Керімбековтер бар. Және түсірілім топ пен жас блогер Лаура Серікбай да топ құрамында.
«Айғақ-ақпарат».