Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жеңіс Қасымбек ТКШ нысандарын концессияға көшіруді ұсынды
    Жаңалықтар

    Жеңіс Қасымбек ТКШ нысандарын концессияға көшіруді ұсынды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын концессияға кезең-кезеңмен көшіру қажет. Мұндай ұсынысты бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Біздің алдымызда маңызды міндет — сумен жабдықтау саласына бюджеттен тыс қаражат тарту, оның тиімділігін арттыру мен бюджетке тәуелділікті төмендету тұр. Сумен жабдықтау секторын дамытудағы халықаралық тәжірибе талдауы оған жеке капиталдың қатысуы тиімді болатынын көрсетті. Министрлік барлық өңірлермен және ЕҚДБ-мен бірлесіп коммуналдық инфрақұрылымды дамытудағы барлық ықтимал тәуекелдер мен тәжірибені есепке ала отырып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын концессияға кезең-кезеңмен көшіруді ұсынады», — деді Жеңіс Қасымбек.

    Оның айтуынша, барлық өңірлер бойынша мемлекеттік-жекешелік серіктестіктің түрлі формаларын енгізу үшін 39 ілкі жоба іріктелген. Ең маңызды жобалар — Қызылорда мен Ақтөбе қалаларының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын сенімді басқаруға көшіру. Ол Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, Маңғыстау облысындағы суды тұщыту зауытының құрылысы концессиялық жобаға жатады. Қазір конкурстық рәсімдер жүріп жатыр.

    «Саланың дамуына жеке капиталды тартудың маңыздылығы мен перспективаларын ескере отырып, әкімдіктер ілкі жобаларды ойдағыдай іске асыру үшін бар күш-жігерлерін салулары қажет және осы тәжірибені барлық тұрғын үй-коммуналдық секторында қолдану керек»,- деді ол.

    Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінде еліміздің елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналған парламенттік тыңдау өтті. Шараға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов, Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Инвестициялар және даму министі Жеңіс Қасымбек, мүдделі мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысты.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.