ОҚМПИ-нің 80 жылдық торқалы тойы аясында республикалық ақындар айтысы өтті. Сөз додасына еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнер иелері бақ сынасты. Сөзден маржан теріп, ойдан орам құраған айтыскерлер қарашаңырақ педагогикалық білім ордасын жырға қосты. Дүлдүлдер аламанына ақындар, зиялы қауым өкілдері қазылық етті.
Тәуелсіз мемлекетімізбен бірге қайта түлеген айтыс өнері лайықты деңгейде дамып келеді. Заманауи айтыс өзінің әдеби құндылығын арттырмаса, кеміген емес. Бұған өңіріміздегі жас әрі дарынды айтыскерлердің күннен-күнге көбейіп, сонымен қоса шеберліктері де шыңдалып келе жатқаны дәлел болмақ. Бүгінгі айтыста Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығы да дәріптелді. Қатысушылар ел мұраты мен ұлт мәдениетін өрнекті сөздерімен дәріптеді.
Айзада Бидан