Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-дағы үш қала тұрғындарына қомақты несие алуға мүмкіндік беріледі
    Жаңалықтар

    ОҚО-дағы үш қала тұрғындарына қомақты несие алуға мүмкіндік беріледі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент, Түркістан мен Кентау қалаларының тұрғындарына 18 миллион теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды  облыс әкімінің баспасөз қызметі.

    Мерзімі 7 жылға дейін берілетін несиенің жылдық мөлшерлемесі 6 пайызды құрайды. Бұл қаржы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты аясында ұсынылып отыр.

    Бағдарлама жұмыссыздарға, өзін-өзі қамтыған азаматтарға, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен олардың мүшелеріне, сондай-ақ, бастауыш және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге арналған. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2,6 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Түркістан және Кентау қалаларында өткен көшпелі семинарда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Жамалов мәлімдеді. Оның айтуынша, бағдарламаның мақсаты — шағын бизнесті дамыту үшін халыққа қаржы көзін ұсыну.

    «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына өңіріміздегі 3 қала — Шымкент, Түркістан және Кентау тұрғындары қатыса алады. Бағдарламаның екінші бағытын жүзеге асыру үшін 2,6 млрд теңге бөлінген. Бүгінгі таңда осы бағдарлама бойынша 6 қаржы институты жұмыс жасауда — Қазақстанның халық банкі, Нұрбанк, АТФ Банкі, Евразиялық банк, Forte Bank және «Ырыс» МҚҰ», — деді облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Жамалов.

    442

    Бұл тұста егер кепілдікке қойылатын мүлік жеткіліксіз болса, онда бастауыш кәсіпкерлерге кепілдендірілген кепілді қолдануға мүмкіндік бар.

    «Әр несие рәсімдеу үшін кепілдік керек. Егер кепілдік жетіспесе, онда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы кепілдендірілген кепілді қолдануға болады. Бұл бағдарламаның басқаларынан ерекшелігі — жеңілдетілген несие беруде. Бұған қоса несие бұрын аз мөлшерде берілсе, қазір 18 миллион теңгеге дейін қарастырылған. Және бұған дейін кепіл мүлкіне қатысты қиындықтар туындаса, қазір кепілдендіру қарастырылып отыр», — деп атап өтті ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Жұмашбеков.

    Айта кетейік, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы Қазақстанда жыл басынан бері жүзеге асырылуда. Банктерге қаржы — қыркүйек айында, ал шағын қаржы ұйымына өткен аптада бөлінді. Қазір ең бастысы — шағын бизнесті дамытуға бөлінген мемлекеттік қаржыға қол жеткізуді оңайлату.

    443

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.