Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Пара алғаны үшін ҚР ИДМ Көлік комитетінің 8 қызметкері сотталды
    Жаңалықтар

    Пара алғаны үшін ҚР ИДМ Көлік комитетінің 8 қызметкері сотталды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.11.2017Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жолдарда пара алғаны үшін ҚР ИДМ Көлік комитетінің 8 қызметкері сотталды. Бұл туралы ҚР ИДМ Көлік комитетінде комитет пен аумақтық бөлімшелер басшыларының және қоғамдық бірлестік өкілдерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңестің бірінші отырысында белгілі болды.

    222

    ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев құқық бұзушылықтар мен қызметкерлер арасындағы жыл басынан бергі сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау шаралары туралы айтты.

    2017 жылдың басынан бері сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады, деген күдікпен аумақтық органдардың 13 лауазымды тұлғасы тұтқындалды. Олардың 8-і сотталды (2016 жылы тұтқынға алынған 13 қызметкердің кінәсі дәлелденді). Егер бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған үшін жауапкершілікке тек қатардағы қызметкер тартылған болса, биыл бірнеше басшы қамауға алынды. Солардың ішінде Маңғыстау облысы бойынша Көлікті бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы бар.

    Батыс Қазақстан облысында жүйелі түрде пара алған үшін жетекші маман А. Зейнедденов сотталды. Бұдан бөлек, аймақтық Көлікті бақылау инспекциясына анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 15 нұсқау жіберілді.

    Тұтқынға алынған қызметкерлер саны бойынша Алматы облысының Көлікті бақылау инспекциясы алдыңғы қатарда тұр.

    Астана қаласы бойынша Көлікті бақылау инспекциясына анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 20 нұсқау жіберліген. Солардың тек қана 9-ы бойынша шаралар қолданылды. Нәтижесінде, 4 қызметкер тұтқындалып, инспекция басшысы қамауға алынды.

    Алматы қаласы бойынша инспекция қызметкерлері М.Әмірбеков пен Б.Жақиянов тасымалдаушылардан жүйелі түрде пара алғандар және жақтаушылық көрсеткендері үшін сотталды. Іс материалдарынан олардың әріптестерінен арнайы тану жапсырмасы бар ауыр жүк машиналарын тоқтатпауларын сұрағаны белгілі болды.

    223

    Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының басым бөлігі автокөлік саласында болғандықтан комитеттің onlinecam.mid.gov.kz сайтында барлық көлікті бақылау бекеттерінен трансляция жасау ұйымдастырылған. Ол барлық қызығушылық білдірушілерге қолжетімді.

    Жылжымалы және стационарлы көлік бақылау бекеттеріне видео-мониторинг жасау барысында Ахуалдық орталық қызметкерлері жыл басынан бері 227 құқық бұзушылықты анықтап (бір жылда 33% артқан), тәртіптік жауапкершілікке 136 адам тартылған.

    «Мен тыйылмайтын құқық бұзушы қызметкерлердің жұмысына тиісті дәрежеде бақылау жүргізбейтін, оларды бүркемелейтін және теріс қылықтарын жасыратын бірінші басшылар кінәлі деп есептеймін. Өздеріңіз талдап көріңіздер, Ахуалдық орталық анықтаған құқық бұзушылықтардың тек 57%-ы бойынша шаралар қолданылған. Заңнама талаптарына сай болмағандықтан тәртіптік жауапкершілік бұл жерде есепке алынбайды», — деп, атап өтті Әсет Асаубаев.

    Комитет төрағасы көлік бекеттерін тексеру бойынша өзінің жеке тәжірибесі туралы айтты. Мысалы, «Молодежный» бекетін тексерген кезде онда бөтен адамдар болған. Камералар жұмыс істемеген, инспекторлар автокөлік құралдарын тіркеу процедураларын жасамаған.

    «Қызылжар» бекетінің видео-мониторингі күнделікті ондаған жүк машиналары қызметкерлердің тоқтату талаптарын елемейтінін көрсетті. Бірақ 10 ай ішінде осы себептермен тек қана 20 хаттама ғана толтырылған.

    Бақылау жылжымалы бекеттерге де жүргізіледі. БҚО-нда автокөлік құралын таразылау процедурасы дұрыс болмаған. Нәтижесінің бұрмаланғаны белгілі болды.

    Кеңес қорытындысында көлікті бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру ережелеріне өзгерістерді енгізу; адамның қатысуынсыз автоматты өлшеу құралдарының қолданысын тездету; тиімділік көрсеткіштеріне негізделген қызметкерлерді ынталандыру механизмін енгізу; қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарастыру кезінде заңсызсыздық жасау фактілерін болдырмау; аумақтық инспекцияларға анықталған құқық бұзушылықтар бойынша қызметтік тергеу материалдардың көшірмелерін беру туралы шешімдер қабылданды.

     224

    Айта кетерлігі, ҚР ИДМ Көлік комитеті жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңестің құрамына «Нұр Отан» партиясы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, кеме иелері мен теңіз индустриясы кәсіпкерлерінің қауымдастығы, Қазақстандық тасымалдаушылар мен вагон (контейнер) операторларының қауымдастығы, ҚР Автокөлікшілер одағы, Қарағанды облысы автокөлік кәсіпкерлер қауымдастығы, ҚР Халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағы, KAZLOGISTICS Қазақстан көлікшілер одағы, ҚР Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы және ҚР ИДМ Заң департаментінің өкілдері кірді.

    Дереккөз: inform.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.