Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Зейнетақы жинағын неге мерзімінен ерте алуға болмайды
    Жаңалықтар

    Зейнетақы жинағын неге мерзімінен ерте алуға болмайды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    БЖЗҚ АҚ басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева зейнетақы жинағын мерзімінен ерте неге алуға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    Оның айтуынша, бұл мәселе қоғамда екіұдай пікір туғызып отыр.

    «Әлемде кейбір елдерде ондай тәжірибе бар. Бірақ, ол елдерде жинақ көлемі жоғары. Мәселен, Сингапурда зейнетақы салымы жалақының 40%-ын құрайды. Егер, Қазақстанда да сондай жағдай болса, онда ақшаны алудың жөні бар»,- деді Нұрбүбі Наурызбаева.

    БЖЗҚ басқарма төрайымының айтуынша, қазақстандықтардың орташа салымы 1 млн теңге көлемінде.

    «Бұл қаржы бәрін қамтуға жетпейді. Қазір азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы ерлерде 72 жас, әйелдерде — 76 жас. Кей аймақтарда одан да көп өмір сүреді. Елестетіп көріңіз, 1 млн теңге зейнеткердің қанша жасына дейін жетеді? Сондай-ақ, 39 жасқа толмаған азаматтар шоғырландырылған зейнетақыны алмайды. Оларға тек базалық зейнетақы мен өздерінің жинаған сомасы беріледі. Осыны ескере отырып, зейнетақы салымын зейнеткерлікке шықпай тұрып басқа мақсатта алу туралы айтудың өзі дұрыс емес деп санаймын», — деді Нұрбүбі Наурызбаева.

    Басқаша айтқанда, БЖЗҚ салымшыларының алаңсыз қартаюына жағдай жасап, қартайған кезде қаржылық қиындық көрмеуіне алаңдаушылық білдіріп отыр.

    «Иә, бұл мәселе талқыланып жатыр. Бірақ БЖЗҚ бұл сұраққа байланысты әзірге қандай да бір болмасын ұсыныс енгізуден бас тартып отыр», — деді ол.

    Айта кету керек, жаңа жылдан бастап зейнет жасына жеткен азаматтар өздерінің жинағын бірден шешіп ала алмайды. ҚР Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнамасына енгізілген өзгертулерге сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнет жасына жеткен қазақстандықтар ақшасын бұрынғыдай бірден емес, ай сайын алатын болады.
    Дереккөз: inform.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.