Қозыбас, Қондөз, Қаған. Бұл Шымкенттегі 278 көшеге берілетін жаңа атаулардың бірі. ОҚО Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында тарихи мекендердің атаулары таныстырылды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде ұмыт қалған жер, су аттарын қайта жаңғырту мақсатында қолға алынған жобаға жиын қатысушылары қолдау танытты. Күн тәртібіндегі осы сынды өзге де мәселелер бірауыздан қолдау тапты. Оның ішінде 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеттегі әрбір тиынның мақсатты жұмсалуын тыңдаған зиялы қауым өкілдері қазына қаржысын оңды-солды жаратылмауын жіті қадағаланса деген ұсыныстар айтты.
Айзада Бидан