ҚР Ұлттық банкі бүгіннен бастап 500 теңгелік жаңа купюраны айналымға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл — «Қазақ елi» сериясы бойынша шыққан алтыншы купюра. Қағаз ақшаның дизайны бұрынырақ шыққан жоғары номиналды ақшалардың дизайнына сəйкес. Ақшаның бір бетінде Қазақ елі монументі мен көгершіндер бейнеленген. Екінші бетінде Каспий теңізі бейнеленген. Түс реңі өзгермеген. «Ақшадағы жазу кириллица қарпімен басылған. Себебі, дизайн бойынша жұмыстар 2015 жылы жүргізілген. Купюраны басып шығару — ұзақ жүретін процесс»,- деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.
ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...











