Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мемлекет есебінен байығандар ұрланған қаражатты шетелде пайдалана алмауы керек — Қожамжаров
    Жаңалықтар

    Мемлекет есебінен байығандар ұрланған қаражатты шетелде пайдалана алмауы керек — Қожамжаров

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.11.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы және оның аумақтық бөлімшелерінің жеке құрамының қатысуымен мәжіліс өткізді.

    Онда Қайрат Қожамжаров Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет офицерлеріне Мемлекет басшысының 20 қарашада кездесу барысында берген тапсырмаларын жеткізді.

    «Біздің міндет — қоғам өмірінің барлық салаларында жемқорлықпен тиімді күресуді қамтамасыз ету. Ол әлеуметтік, ауылшаруашылық, құрылыс мәселелері, кен игеру, қаржы және квазимемлекеттік секторлар, құқыққорғау, сот органдары және басқа да салалар» — деді Қ. Қожамжаров.

    Сондай-ақ, төраға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тиімді жұмыс атқаруына қажетті жағдай мен құралдар бар екенін атап өтті.

    Басым міндеттерге қылмыстық тізбектің барлық құрамын, яғни орындаушыдан ұйымдастырушыға дейін әшкерелеу қойылды.

    «Елбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жемқорық көріністерін кім жасаса да, онымен қатал күресуді міндет етіп қойды» — деді Қ. Қожамжаров.

    Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді.

    Осы бағытта Ұлттық бюроға бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына бақылауды күшейту тапсырылды. «Айыпты тұлғалардың мүлігіне тыйым салу және шетелдегі заңсыз активтерін анықтау арқылы Мемлекеттің ұрланған қаражатын толығымен өндіруді қамтамасыз ету керек. Мемлекет есебінен заңсыз байыған бірде-бір тұлға ұрланған қаражатты не Қазақстанда, не шетелде пайдалануға мүмкіндігі болмауы керек», — деп көрсетті Төраға.

    Дереккөз: inform.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.