Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақтың тұңғыш дипломаты Н.Төреқұловтың туындылары жарық көрді
    Жаңалықтар

    Қазақтың тұңғыш дипломаты Н.Төреқұловтың туындылары жарық көрді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстаннан шыққан тұңғыш дипломат, елші  Нәзір Төреқұловтың туындылары жарық көрді. Кітаптар топтамасында арда азаматтың Мәскеу архивтерінде сақталған құнды құжаттары, көпшілік біле бермейтін жалынды жырлары мен ойлы мақалалары жинақталған.

    ayzada-syuzh-22-11-17-avi-still0041892 жылы киелі Түркістан шаһарында дүниеге келген азамат жастайынан жетімдіктің зардабын тартады. Еңбекке ерте араласып, халқымыздың тілін, дінін, салт-дәстүрін сақтап қалу жаңғырту жолында аянбай еңбек етеді. Көптеген ұлттық ұйымдар құрып, жастарымыздың санасына қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптейді. Кеңес үкіметінің сындарлы саясатына қарсы тұрып, диломатиялық қарым-қатнаспен өз ойының дұрыстығын дәлелдейді. Осылайша оның жауаптылығын, іскерлігін ескерген Кеңес үкіметі Нәзірді Араб әмірліктеріндегі алғашқы диломат, Елші етеді. Бұл кезде Нәзір Төреқұлов небәрі 36 жаста болатын. Яғни 1928 жылы аталған қызметке тағайындалған ол Хиджазда 8 жыл елші болады. Сауд Арабиясы Королдігінде өкілетті өкіл болып жүрген жерінен оны Мәскеуге шақыртады, болмашыдан ілік іздеп, ісін май шаммен қаратады. Ақыры себеп тауып, «Халық жауы» деген жала жауып ату жазасына кеседі. Ол кезде Нәзір 45 жаста болатын. Бұл оқиғаға жаны күйзелген  Араб королі Ресей елімен дипломатиялық қарым-қатынастың жібін бір жолата үзуге шешім қабылдайды. Өйткені, Нәзірден өзге елшіні арабтар мойындамады. Осылай екі ел арасындағы байланыс шорт үзіліп, арадағы салқындық 51 жылға созылды.

    ayzada-syuzh-22-11-17-avi-still002

    ayzada-syuzh-22-11-17-avi-still001

    Ал 2014  жылы жас мемлекетіміз Тәуелсіздігін алып, етек жеңін жиған шақта Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевты Араб королі арнайы шақыртып, сән-салтанатымен күтіп алады. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың туы көкке көтерілді. Бүгінгі таңда Төреқұлов туралы еңбектер араб, ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде баспадан шыққан. Түркістанда Нәзір Төреқұловтың есімін иеленген мешіт, мектеп, мұражай бар. Бүгінде бұл мекемелер халыққа қызмет етуде. Ал Шымкентте Облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде де оның өмірінде қолданған дүниелері қойылған. Сондықтан 1937-38 жылдарда репрессияда жапа шеккен  ұлт жанашырының ғұмырымен танысуға толықтай мүмкіндік бар.  Өйткені, тәуелсіз елдің ұландары,  азат еліміздің жолында, бейбіт күннің шуақты нұрын төгу жолында жандарын құрбан еткен азаматтардың ұрпағы екенін сезініп ұғынуы тиіс….!

    Айзада Бидан

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.