Мәскеу қаласында жүрген делегация түс қайта Ресей астанасындағы ГУЛАГ музейіне арнайы барды. 18 — адамнан құралған делегация мүшелерін музей директоры жылы шыраймен қарсы алып, мекеме тарихымен таныстырды.
Ал, музейдің ғылыми қызметкері қаптарлы тарихтан сыр шертететін құнды дүниелермен таныстырды.
Айта кетейік, ГУЛАГ мұражайы 2015 жылы ашылған. Алдағы уақытта ГУЛАГ-пен «Айғақ» телеарнасы тығыз қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастықта жұмыс жасауды көздеп отыр. Мұражай директоры қазақстандықтардың қуғын-сүргінмен байланысты нысандарға ерекше ықыласпен қарайтындығын атап өтті. Тарихи орынның тағлымы туралы арнайы репортажды алдағы уақытта арнадан көретін боласыздар.
«Айғақ-ақпарат».