Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Облыс басшысы Қазығұрт ауданындағы кәсіпкерлік жобалармен танысты
    Жаңалықтар

    Облыс басшысы Қазығұрт ауданындағы кәсіпкерлік жобалармен танысты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.11.2017Updated:21.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазығұрт ауданында газобетон блогын шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жылына 12 мың шаршы метр, яғни 336 мың дана өнім шығаратын зауыттың алғашқы жұмысымен танысты. Жоба индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен жүзеге асқан. Құны 120 млн. теңге болатын жобаның іске қосылуы аудан үшін өте маңызды. Енді аталған кәсіпорынның газобетон блогы аймақта бой көтеретін көпқабатты нысандарға пайдаланылмақ. Өнімнің ұзындығы 60 см, ені 30 см,ал биіктігі 40 см құрайды. Бүгінде Қазығұрттың индустриялды аймағында мұнан өзге 7-жоба жүзеге асырылуда.

    img_20171120_095254

    img_20171120_095315

    Сапар барысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жеке кәсіпкер Гүлзия Бейсебаеваның кондитерлік цехының жұмысына куә болды. Жылына 25-30 тонна тәтті өнімдер шығаруға қауқарлы жобаның құны 80 млн теңгені құрайды. Кәсіпкер мемлекеттік бағдарламалардың арқасында ісін өрге дөңгелетіп отыр. Кондитерлік өнім өндіретін құрал –жабдықтар Түркия елінен жеткізіліпті. Бүгінде мұнда 10-адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

    img_20171120_100237

    img_20171120_100310

    Жалпы Қазығұрт ауданы бойынша мал басы саны артып келеді. Бүгінде аймақта 67 833 ірі қара, 324 716 уақ мал, 29 176 жылқы бар. Бұл бағытта ірі және орта мал бордақылау , асыл тұқымды мал шаруашылығын қолға алған «Сапа -2002» ЖШС-гі мал басының санын 9 мыңға жеткізген. Олардың 50 пайызы, яғни 4500 бас бордақыдауға қойылған. Шаруашылық жұмысымен танысқан облыс әкімі серіктестік төрағасына бірқатар ұтымды ұсыныстарын жеткізді. Мал басы санын көбейтіп, Өзбекстан мен көршілес жатқан елдерге сататын шаруа иесіне ,одан бөлек  ет өнімдерін шығаратын кәсіпорын ашуына болады. Бұл өз кезегінде кәсіпкердің табыс көзін ұлғайтып, жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтуға да мол мүмкіндік береді.

     

    img_20171120_112752

    img_20171120_113349

    Жомарт Бегімбет

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.