Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО әкімі шетелдік жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті
    Жаңалықтар

    ОҚО әкімі шетелдік жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәдениет және өнер тақырыптары бойынша маманданған шетелдік жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті.  Елімізге ҚР Сыртқы істер министрлігінің шақыртуымен келген делегация құрамында Америка Құрама Штаттары «Forbes» журналының өкілі Aлександр Липовсев,   Ұлыбританияның «Opera Now» журналының өкілі Н.Джоунс, Оңтүстік Африка Республикасының  «The Diplomatic Society» журналының өкілі Бхана Киртан, Египет елінің «Нил-Культура» телеарнасының өкілі Ахмед Фатма, италиялық ИА «IN TERRIS» агентігінің өкілі Фабио Беретта,   испаниялық «El Cultura» журналының  өкілі Фернандо Диас,   жапондық «Киодо Цушин» ақпарат агентігінің өкілі Линума Кениши бастаған 20-дан астам қонақ бар.

    Кездесу барысында сөз алған облыс әкімі Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы баспасөз-туры аясында келген қонақтарға алғысын білдірді.

    «Қазақстанның киелі жерлерінің картасы жобасы аясында облысымызда 104 киелі орынның тізімі жасақталған болатын. Өңірімізде туризм саласын дамыту мақсатында тарихи орындарды қалпына келтіру үшін арнайы бағдарлама дайындалып, кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. Мысалы, алдағы уақытта Қазығұрт, Ордабасы тауларын және ортағасырлық Отырар, Сауран, Сайрам, Сидақ, Мәртөбе қалашықтары мен Жуантөбе, Қараспан, Күлтөбе сияқты ежелгі елді мекендерді қалпына келтіру жұмыстары басталмақ. Сонымен қатар, болашақта Сайрам ауданындағы «Ханқорған» археологиялық қалашығы ашық аспан астындағы музейге айналатын болады», — деді Жансейіт Түймебаев.

    Қонақтар тарапынан алғашқы сөз кезегін Америка Құрама Штаттары «Forbes» журналының өкілі Aлександр Липовсев алып, халықаралық деңгейде алғаш рет баспасөз-турын ұйымдастырған облыс әкіміне алғысын жеткізді.

    Мұнан соң Ұлыбританияның «Opera Now» журналының өкілі Н.Джоунс, Оңтүстік Африка Республикасының «The Diplomatic Society» журналының өкілі Бхана Киртандар сөз алып, баспасөз турының жоғары дәрежеде өтетініне сенім білдірді.

    Айта кетейік, 2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында Оңтүстік Қазақстан облысына 52 850 шетелдік және отандық турис саяхаттап келген. Оның 3600-і шетелдік қонақтар. Бұл көрсеткіш өткен кезеңмен салыстырғанда 50 пайызға көп.

    Кездесу мұнан соң еркін форматтағы пікір алмасуға ұласты.  Шетелдік қонақтар өңір басшысына бірқатар ұсыныстарын жеткізіп, өңірдің туризм саласына насихат жөнінде кішкентай болса да үлес қосуға уәде етті.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.