Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО Республикада халық саны бойынша бірінші орында
    Жаңалықтар

    ОҚО Республикада халық саны бойынша бірінші орында

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ОҚО –сы Республикада халық саны бойынша бірінші орында.  Яғни 2017 жылдың 1 қазанына дейінгі көрсеткіш бойынша өңір  халқының саны 2 млн 914 мың 54 адамға жеткен. Сонымен бірге бала тылуы  мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша да облысымыз көш басында келеді. Осы және өзге де әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер барысын ОҚО Статистика  департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков арнайы баспасөз жиынында жан-жақты мәлімдеді.

    2017 жылдың 10 айындағы ОҚО-ның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталған статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков демографиялық өсім бойынша  өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда халық саны 34 мың 23 адамға артып, ағымдағы жылдың  1 қазанына дейінгі көрсеткіш бойынша өңір  тұрғындарының  саны 2 млн 914 мың 54 адамға жеткендігін мәлімдеді. Осылайша республикада халық саны бойынша бірінші орыннан көрініп отырған облысымыз бала туылу саны жөнінен де 9 айдың қорытындысымен алдыңғы қатарда келеді. Есесіне ОҚО да некеге тұру көрсеткіші өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,4 пайызға төмендеп, ажырасу дерегі 1,1 пайызға артып отыр екен.

    Халықтың тұрмыс денгейі бойынша 2017 жылдың II тоқсанында халықтың орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 45 мың 530 тенгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,3 пайызға өскен. Мұнан өзге облыс бойынша жұмыссыздық денгейі 5,3 пайызды құрап отыр. Яғни жұмыссыз азаматтар саны аймақта  62 мыңнан асады .  Ал облыстағы нарық көрсеткіштері бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 4,3 пайызға, азық-түлік емес тауарлар 8,6 пайызға, мұнан өзге халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер тарифі 5,8 пайызға көтерілген. Сондай-ақ 2017 жылдың 1 жартыжылдығында ОҚО жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша Республикада 5 — орыннан көрінсе ауыл шаруашылығы саласының үлесі бойынша екінші орынға ие.

    Статистикалық көрсеткіштер бойынша экономиканың нақты секторында ОҚО-сы Республикадағы өнеркәсіп өнімінің көлеміндегі үлесі бойынша 8-ші орынды ал өсу қарқыны бойынша 11-ші орынды алып отыр. Осы және өзге де мәліметтерді баяндаған департамент басшысының баяндамасынан соң  БАҚ өкілдері тарапынан бірқатар сауалдар қойылды.

    2017 жылдың 10 айында облыс бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 526 мың шаршы метрді құраса, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,9 пайызға артқан.

    Абай Омар

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.