Мəжіліс құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту мəселелері жөніндегі заң жобасын қарады, деп хабарлайды Baq.kz.
Заң жобасын таныстырған ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов заң қабылданғаннан кейін орын алатын өзгерістерге тоқталды.
«Парламент сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы бізді қатты сынға алған болатын. Елбасы біз істі бір факті бойынша қозғаймыз, бірақ, ештеңе таба алмаған соң барлық жерді «қазбалай» бастаймыз деді. Бұл солай. Осы практика аталған заң жобасымен тоқтатылады. Енді тергеу қозғалған іс бойынша ғана жүргізіледі», — деді Жақып Асанов.
Бас прокурордың айтуынша, заңның жаңа редакциясында күдіктілерді ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа қысқарту туралы норма қарастырылған.