Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте кикбоксингтен ашық біріншілік басталды
    Жаңалықтар

    Шымкентте кикбоксингтен ашық біріншілік басталды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа14.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкентте кикбоксингтен жасөспірімдер арасында ашық біріншілік басталды. Елбасының «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына  сәйкес жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіліп отырған жарысқа 10 салмақ дәрежесі бойынша спортшылар  қатысты.

    00022-mts-still001Шымкент қалалық №11 Шығыс жекпе-жек түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі сондай-ақ қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйытқы болуымен өткізіліп отырған кикбоксингтен  жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілік 20 спортшының басын қосты. Яғни бұл жарысқа №11 спорт мектебінен іріктеліп алынған 10 спортшы қатысса, қалған 10 қатысушы облыстың әр аймағынан үздік деп танылған жас кикбоксшылар болатын.  Ал бұл жарыс Елбасының «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына  сәйкес жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және оларды спортқа баулу  мақсатында ұйымдастырылып отыр.  Ал бұл жарыста топ жарған жасөспірімдер алдағы уақытта өтетін жоғары дәрежедегі байрақты бәсекелерге қатысуға жолдама алатын болады. Осы орайда біріншіліктің салтанаттты ашылу рәсімінде сөз алған азаматтар турнир қатысушыларына сәттілік тіледі.

    00016-mts-still001

    2000-2005 жылдар аралығындағы жасөспірімдер арасында өткізіліп отырған ашық біріншілікте спортшылар 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Яғни өзара үздіктерді анықтап жарыс жеңімпазы атану үшін үлкен дайындықпен келген жас кикбоксшылар бәсекесі ә дегеннен ақ тартысқа толы болды. Ал бұл кездесулердің басы қасында жүрген төрешілер қауымы  соңғы жылдары өңірімізде аталмыш спорт түрінің қарқынды дамып келе жатқандығын айтады.

    00031-mts-still001

    00039-mts-still001Кикбоксинг шығыс жекпе-жек түрлеріне және ағылшын боксына негізделген. Яғни ережесі бойынша  жекпе-жек спортшылардың толық түйісуі бойынша өтеді. Яғни бас пен денеге берілетін соққы аяқпен де қолмен де орындалады. Осы орайда турнир көрікін қыздырған жас спортшылар да тартысты кездесулер жасады. Солардың бірі  14 жастағы Келдібек Шыңғыс болатын. №11 спорт мектебінің шәкірті жарыста 60 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп бірінші раунда ақ қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп шықты.

    Екі күнге жалғасатын ашық біріншілікте топ жарған мықты спортшылар алда болатын көптеген жарыстарда өздерін көрсетіп, облыс намысын қорғайтын болады.

    Абай Омар

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.