Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО әкімі БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы қорының өкілімен кездесті
    Жаңалықтар

    ОҚО әкімі БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы қорының өкілімен кездесті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаев БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы ЮНФПА қорының Қазақстандағы өкілі  Джулия Валлеземен кездесті. Кездесу барысында тараптар ана мен бала өлімін азайту, гендерлік теңдікді сақтау, тұрмыс жағдайындағы зорлық-зомбылықты болдырмау жөнінде өзара пікір алмасты. Сондай-ақ тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысынан аталған қордың өкілдігін ашу мәселелерін талқылады. Өз кезегінде сөз алған өңір басшысы   Джулия Валлезені жаңа қызметімен құттықтап, алдағы атқарар жұмыстарына сәттілік тіледі.

    «Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстандағы  демографиялық ахуалы өте жоғары өңір саналады. Бізде жылына 80 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Қазақ халқының негізгі шоғыры да бізде орналасқан. 3 миллионға жуық халқы бар өңірде аналардың үлес салмағы 50 пайызды құрайды. Сондықтан облысымызда ана мен бала өлімін азайту мәселесіне ерекше мән беріліп келеді. Осы ретте сіз басқарып отырған қордың Оңтүстік Қазақстан облысында өңірлік өкілдігін ашуды ұсынған болар едім», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Өз кезегінде сөз алған  Джулия Валлезе қордың  ана мен баланың  репродуктивті денсаулығын жақсарту, гендерлік теңдік пен демографиялық мәселелерді қамту салаларындағы негізгі миссияларын баяндап берді.

    «Біз мән беретін негізгі мәселенің бірі – ана мен бала денсаулығын сақтау. Осы ретте аналардың босану кезіндегі  қауіптілігін қамтамасыз етіп, жоспарлы жүктілік мәселесіне мән береміз. Жастардың ана болуға деген дайындық жұмыстарын күшейтіп, гендерлік теңдікті сақтауға, халықтың демографиялық өсіміне сараптама жасап отыруды мақсат тұтамыз.  Жоғарыда айтылған жұмыстарды бірлесіп атқару мақсатында ынтымақтастықта бірігіп жұмыс істеуге ниет білдіріп отырғандарыңызға алғыс білдіремін», — деді  Джулия Валлезе.

    Кездесу барысында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы ЮНФПА қоры арасында өзара түсіністігі жайлы меморандумға қол қойылды. Тараптар жергілікті денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін,  ана мен бала  денсаулығын қорғау  бойынша кешенді бағдарламаны бірлесіп іске асыру жөнінде мәмілеге келді. Сондай-ақ тараптар гендерлік  зорлыққа ведомствоаралық әрекет ету жүйесін енгізу арқылы тұрмыстық зорлықтың алдын алу бойынша басқару әлеуетін нығайтуға уағдаласты.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.