Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда пойыздар кестесі өзгереді
    Жаңалықтар

    Қазақстанда пойыздар кестесі өзгереді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа10.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Қазақстанда пойыздар кестесі өзгереді, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
    ТМД-ға мүше мемлекеттердің темір жол көлігі бойынша 66 Кеңесінің шешімі бойынша 2017 жылдың 10 желтоқсанында Астана уақытымен 00 сағат 00 минутта пойыздардың 2017-2018 жылдарға арналған жаңа кестесінің енгізілетінін хабарлаймыз.
    Жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жаңа жылдан бастап күн сайын жүретін жаңа №154/153 «Астана-Семей» жүрдек пойызы жолға шығатын болады.
    2018 жылдың 1 қаңтарынан №376/375 «Астана-Лениногорск» пойызының стандартты вагондары қазіргі заманғы жайлы «Тұлпар-Тальго» вагондарына ауыстырылады. Жолда жүру уақыты 28 сағат, яғни қазіргі кестемен салыстырғанда 3 сағатқа тезірек баратын болады.
    Сондай-ақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан төмендегі пойыздардың реттік саны былайша өзгереді:
    — «Алматы-Атырау» №35/36 (бұрын №77/78);
    — «Алматы-Защита» №45/46 (бұрын №69/70);
    — «Астана-Ақтөбе» №97/98 (бұрын №87/88);
    — «Алматы-Петропавл» №703/704 (бұрын №705/706);
    — «Алматы-Шымкент» №709/710 (бұрын №707/708).
    Қосымша сұрақтар бойынша темір жол вокзалдарының кассаларына немесе 105 бірегей анықтама қызметіне телефон шалуға болады.
    Сонымен қатар, «Алматы-Екатеринбург» пойызы енді Қазан қаласына қатынайды.
    «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің өтініші бойынша №303/304 «Алматы-Екатеринбург» пойызының маршруты Қазан қаласына дейін ұзартылды. Енді 2017 жылдың 12 желтоқсанынан бастап ол халықаралық №303 /304 «Алматы-Астана-Қазан» пойызы ретінде қатынайтын болады.
    «Біз ҚТЖ ұлттық компаниясының басшылығына зор ризашылығымызды білдіреміз. Екі ел астаналары арасында тікелей қатынайтын пойыздың жолға шығуы Қазақстанның Тәуелсіздігі мерекесі мен Астананың 20 жылдығы қарсаңындағы елеулі оқиға», — дейді республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы Тауфиқ Кәрімов.
    Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.