Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Министрлер офшордағы шоттарына қатысты ақталуды бастады
    Жаңалықтар

    Министрлер офшордағы шоттарына қатысты ақталуды бастады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа08.11.2017Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Атышулы Халықаралық журналистер консорциумы күні кеше ғана «Жұмақ құжаттары» деген атпен салықтан жалтарған атақты саясаткерлердің тізімін жариялаған болатын. Бермуд аралдарында шот ашқандардың арасында қазақстандықтар да аз емес. Тізімді анау-мынау емес, білдей Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов пен мүйізі қарағайдай «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясының төрағасы Сауат Мыңбаев бастап тұр. Елден жырақта компания ашып, бизнесін дөңгелеткендер бұл мәлідемеден кейін еңбек демалысын алса, енді бірі мүлде жұмысқа келмей қалды. Ағылшын ақсүйектерінен қалыспай, офшорда шот ашқандардың бірі  Бейбіт Атамқұлов. /2:57/ Министр анау-мынау емес, Мальтада бизнес дөңгелеткен. Бүгінге дейін тірі жан білмей келген бұл мәліметтің төрткүл дүниеге мәлім болғаны Бейбіт Бәкірұлына бірден ұнамай қалды.

    Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

    -Рас, 98-ші жылы компаниям болған. Бірақ, ол компаниядан 2006-жылы шығып кеткенмін.Соған қарағанда, ол құжат жүзінде тіркелмей қалса керек. Ол мәселені енді өзім қолға алып айналысамын. Заңгерлердің көмегіне жүгінемін. Енді әр адамның өмірінде ондай-ондай болады ғой. Қол қойып, ұмытып кету  деген. Қазір сіздерден естіп есіме түсіп отыр.     

    Билікке келерде ол бизнестен бас тарттым деген Атамқұлов бұл жайлы арада он жыл өткен соң тілшілерден бір-ақ естіп отырғанын айтып ақталды. Бірақ, бір қызығы сол-компания директорларының бірі министрдің інісі- Ерлан Атамқұлов болған. Ағайындылар жүзім өсіріп, шарап сатумен айналысқан екен. Шетелдегі бизнеспен қатар «Қазақстантеміржолын» да басқарған інісі жайлы тіс жармағанымен, Атамқұлов есесіне басқа ескі серіктестерін есіне түсірді.

    Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

    -Мен кеше оны іздей бастадым. Біреуі сол Сербияда шынымен өзі  сол шараппен  айналысады екен. Я могу и фамилию назвать его  Абрамко… Бранко Узечевич деген. Енді ол кезде 98-ші жылы ешкіміміз мемлекеттік, Үкіметінде болған жоқпыз. Ол кезде кәсіпкер болдық. Тығылатын, біреуден қорқатын ешқандай менің нем жоқ!

    Шетелде шоты бар қазақстандықтардың тізімін Сауат Мыңбаев бастап тұр. «Қазмұнайгаз» компаниясы төрағасы 2006 жылдың өзінде 3 миллиард доллар капитал жинаған екен. «Жұмақ құжаттарын» жария еткен журналистердің мәліметінше, Мыңбаев Меридиан Капитал компаниясының қожайыны, әрі шетелде нағыз шонжардың өзі екен. Тек аралдарда ғана емес, Африка, Азия, Еуропа, АҚШ, Австралияда үлкен бизнес-империялары бар Мыңбаев өзіне жақсы таныс газ, мұнайдан бөлек, бұл елдерде тамақ өнеркәсібі мен жылжымайтын мүлікпен айналысқан депті құжаттарда.

    Тіпті, Аляскаға дейін көмірсутегі кенорны төрағаға тиесілі екен. «Жұмақ құжаттарында» нағыз жұмақтың иесі болып шыққан төрағадан жауап алу мүмкін болмады. «Қазмұнайгаз» басшысы жұмыста болмай шықты. Ал Мыңбаевтың миллиардер ме деген сауалды естіген «Самұрық Қазына» әл-ауқат қорының төрағасы Өмірзақ Шүкеев тіпті журналистерден безіп кетті.

    -Что? Я не в курсе это! Я не в курсе! 

    Ал, офшорда шоты бар боп шыққан шенеуніктер дереу қимылдай бастаған. Мәселен, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов еңбек демалыс алып, Мальтаға барып қайтпақшы. Кезінде жүзім өсіріп, шарап сатқан бизнесмен шетелдегі компаниясын өзі барып жаппақ. Осылай деп жұртты тыныштандырған министр басқа жасырғаным жоқ деп тағы халыққа басу айтты.

    Шенеуніктермен бірге офшорда шоты бар қазақстандықтардың ішінде қашқын банкир де жүр. Мұхтар Әблязов 2007-ші жылы Кайман аралдарына ақша құйып жүріпті. Елінен пайдасын жасырғандардың аты-жөні жазылған «Жұмақ құжаттарының» ішінде бұлардан басқа да қазақстандық бизнесмендер аз емес екен. Ал олардың ісімен құзырлы органдар айналыса ма, жоқ па әзірге белгісіз.

    Дереккөз: ktk.kz

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.