Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Латын әліпбиіне ауысу — ұлттық сананың жаңғыруы
    Жаңалықтар

    Латын әліпбиіне ауысу — ұлттық сананың жаңғыруы

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа08.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Латын әліпбиі — заман талабы. Бүгінгі таңда оның маңызы аса зор. Жаңа технология да, болашақ инновация да латын тілінде. Ендеше көштен кеш қалмауымыз үшін барлығымыз атсалысуымыз қажет. Бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ғалым Ақжол Қалшабек осылай мәлімдеді.

    Мемлекет басшысы ағымдағы 2017 жылдың 27-қазанында қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлық негізінде 2025 жылға дейін латын графикасына көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Осыған байланысты өткен баспасөз мәслихатында жан-жақты пікірлер айтылып, талқыға салынды.

    Жаңа әліпбиге көшу туралы өз ойын ортаға салған ғалым Ақжол Қалшабек латын әліпбиі қазақ халқын құлдық санадан арылтып, ұлттық рухты жаңғыртатын айтты.

    «Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында халқымыздың ұлттық кодын айқындау, «Туған жер», «100 жаңа есім» сынды өзекті тақырыптар қамтылған болатын. Осылардың ішінде ең маңыздысы латын әліпбиіне көшу мәселесі еді. Латын әліпбиі жоғымызды түгендеп, жоғалтқанымызды табуға үлкен септігін тигізеді деп есептеймін. Осы ретте бүгінгі қазақ қоғамы латын әліпбиін тез меңгеруге дайын болуы керек», — деді Ақжол Қалшабек.

    Сонымен қатар, брифингте сөз алған ҚР өзбектері «Достық» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов  Қазақстандағы өзге этнос өкілдері де латын әліпбиіне көшу бастамасын қолдайтындығын жеткізді.

    «Бүгінде әлем халқының 4 млрд. 300 миллионға жуығы латын әліпбиін қолданады. Өйткені, латын тілі ежелден ғылым мен білім тілі саналады.  Демек, бұл бүгінгі заманның талабы. Болашақ ұрпақ латын әліпбиі арқылы терең білім алып, ғылымға ұмтылуы тиіс», — деді Икрам Акрамұлы.

    Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында латын әліпбиінің түркі халықтарының басын біріктіретін маңызды фактор екендігі айтылды.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.